Allur Zhastary: еңбекпен өсуді қалайтындар үшін арнайы бағдарлама іске қосылды
Allur қазақстандық автокөлік компаниясы жас қызметкерлер арасында бастамалар мен көшбасшылықты дамытуға бағытталған Allur Zhastary ішкі бағдарламасын іске қосты. Қатысушылар өндірістегі, инновациялар мен цифрлық сервистердегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік жобаларындағы, корпоративтік мәдениет пен тұрақты даму бағытындағы жұмыстарды нақты жетілдірумен айналысады. Бұл ретте ішкі процестерді жақсы білетін адамдардың тәжірибесіне басымдық беріледі.
Командаға кімдер қосылды
Компанияның бөлімшесі бар қалалар – Қостанай, Астана және Алматыдан 100-ден астам қызметкер бағдарламаға қатысуға өтініш берді. Олардың ішінде барлық талапқа сай келген, Allur компаниясында кем дегенде бір жылдық тәжірибесі бар 50 адам таңдап алынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жаңаша көзқараста қалып әрі процестердің қалай құрылғанын түсінуге жеткілікті.
"Біз бейімделудің алғашқы кезеңінен өткен, бірақ жүйеде бәрін қалыпты жағдай ретінде қабылдайтындай дәрежеде орнығып үлгермеген адамдарды біріктіргіміз келді. Бұл кезең – әлі де нені жақсартуға болатынын байқап, компанияның дамуына ықпал ете алатын орайлы сәт", – деді ұйымдық даму жөніндегі басқарушы директор Зухра Шаяхметова.
Алғашқы басшылардың хикаясы
Бағдарлама форумнан бастау алды. Ал форум панельдік пікірталаспен ашылды. Пікірталаста Allur директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, компания президенті Оксана Холстинина, Қостанайдағы Allur зауытының атқарушы директоры Арғұлан Майқонов және компанияның негізгі бағыттарының жетекшілері өздерінің компанияда қалай көтерілгенін айтып берді. Спикерлердің көбі мансабын 10 жылдан астам уақыт бұрын әртүрлі рөлдерден бастаған. Біреуі көлік айдаса, енді бірі өндірісте темір шебері болып жұмыс істеген. Сессия бүкіл бағдарламаға өң берді. Мұнда кәсіби бұрылыстар, қателер, ішкі бастамалар және әр баяндамашының алғашқы қадамы туралы сөз болды.
"Біз Allur Zhastary бағдарламасын жастарға өсу жүйесі мен алаңы ретінде іске қосып отырмыз. Ол бір реттік шара емес. Әр қызметкердің өзін көрсетуге, жобаларға қатысып көруге, қателесуге, үйренуге және нәтижеге жетуге мүмкіндігі бар. Біз таланттар мен бастамаларды қолдау үшін әрдайым олардың қасынан табыламыз", – деді Allur компаниясының президенті Оксана Холстинина.
Нақты істер туралы бағдарлама
Бағдарламаның мақсаты әрекетте. Жас қызметкерлер өзін бастамашы ретінде көрсете алады, өз жобаларын қолға алып, компанияның дамуына қандай үлес қоса алатынын айқындай алады.
"Мені қатты таңғалдырғаны – біздің бәріміздің қаншалықты әртүрлі екеніміз. Әрқайсымыздың тәжірибеміз, біліміміз, тіпті отбасылық жағдайымыз да бөлек. Меніңше, бұл өте тиімді, өйткені әркім міндетке өзінше қарайды. Дәл осы түрлі көзқарастардың үйлесімі бізге стандарттан тыс шешімдер табуға және процестерді шынымен алға жылжытуға көмектеседі деп есептеймін", – деп атап өтті жоба қатысушысы Абзал Бисембаев.
Жастардың күн тәртібі
Allur Zhastary бастамасы елдегі жалпы цифрлық күн тәртібі аясында іске қосылып отыр. Қыркүйектегі Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізудің маңызына назар аударды. Allur компаниясы жас қызметкерлердің жаңа құралдарды тезірек меңгеріп, процестерді пайдаланушыға ыңғайлы ету жолдарын таба алатынына сенеді.
Бағдарлама мынадай тұрақты бағыттарда жалғасады: көшбасшылық қабілеттерді дамыту және оқу, фасилитациялық және менторлық сессиялар, жобаларды дайындау және қорғау, командалар арасында тәжірибе алмасу және нәтижелерді бағалау. Осылайша ең үздік шешімдер компания ішінде қолданылады, ал қызметкерлер бағдарламаға негізгі жұмысымен қатар қатысады.
Компания мына ерекшелікті атап өтті: Allur Zhastary жай ғана HR құрал емес, бұл – мәдени трансформация. Бағдарлама идеялары қызметкерлерге еңбектенуге және компаниямен бірге өсуге мүмкіндік береді.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
