"Алланың сыйы": Келіншегі Айдар Тұрғанбекке туған күнінде қыз сыйлады
Келіншегі Айдар Тұрғанбекке туған күнінде қыз сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қуанышты жаңалықты Айдар Тұрғанбектің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. 35 жасқа келген туған күнінде әншінің әйелі керемет сыйлық жасап, күйеуіне әке болу бақытын тағы бір мәрте сездірген. Өнер иесі қуанышын жасыра алмай жазба қалдырып, бұл өміріндегі тарихи күн болатынын айтқан.
"Сүйінші, ағайын! Бүгін қасиетті жұма күні, өзімнің туған күнімде Алланың қалауымен қызды болып жатырмыз, Аллаға шүкір. Туған күніме қызым ең керемет сыйлық болып келді! Ата- анам тағы бір рет ата, әже болып, қуанышымыз еселеніп жатыр. Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Қуанышымда шек жоқ! 19.07.2019 мен үшін отбасылық өмірімдегі тарихи күндердің бірі болды бүгінгі күні", - деп жазды Айдар Тұрғанбек.
Жазбаны көрген жұрт өнер иесін жарыса құттықтап, қыздарына ұзақ өмір тілеген. Осылайша желідегілер әншінің қуанышына ортақтасты.
"Құттықтаймын! Бауы берік болсын!", "Алла ұзақ өмір берсін", "Қуанышты күндеріңіз көп болсын", "Алланың назарында, бақыттың базарында болыңыздар", "Ата-анаң аман болып, қуаныштарыңның куәсі болып жүре берсін", - десті жұрт.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
