"Жаназа намазына қатысу әрбір мұсылманға парыз емес": Жерлеу рәсімі мен ас беру кезінде карантин шаралары қаншалықты сақталуда

Күні кеше ҚМДБ карантин уақытындағы жаназа намазы мен асқа жиналудың ережелерін ескерткен еді. Оған сәйкес, жаназа намазы 5 минуттан аспай, оған 10-нан көп емес адам ғана жиналуы тиіс және маска кию, арақашықтықты сақтау сияқты шаралар да қатаң сақталуы тиіс. Дегенмен карантиндік режимнің күшейтілуіне қарамастан жаназаға жиналатын жамағаттың саны азаймай тұр. Stan.kz тілшісі имамдармен сөйлесіп пікірін білді. 

имам

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайдың пікірінше, қазір халық барынша карантиндік режимге сабырлық танытып, түсіністікпен қарауда. 

"ҚМДБ жаңа мәлімдесіне сәйкес бүкіл карантиндік сақтық шараларын сақтаймыз. Ол мәлімдеме бойынша, жаназа намазына 10 адамнан артық жиналуға болмайды. Жаназа намазына тұрғанда әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып өткізіп жатырмыз. Халық бұл жағдайға түсіністікпен қарап жатыр. Өйткені дерттің қауіпін шын сезініп сақтануды қолға алды. Қауымдастықтың айтқан талаптарын жақсы қабылдап, орындауда", - дейді Алматы қаласының бас имамы. 

Сондай-ақ, вирустан қайтыс болған марқұмның жаназасында орындалатын талаптар барын атап өтті. 

"Тағы бір айта кететін жайт. Коронавирустан қайтқан кісілердің жаназасына барған кезде имам мәйіттен алыс тұрады. Мақұмның денесін дайындауды медицина қызметкерлеріне тапсырып жатырмыз. Олар барлығын дайындап, қабірге алып келуге міндеттеледі", - дейді Еркінбек Шоқай. 

Дегенмен, қайтыс болған жақынының жаназасына "ұят боладыны" бетке алып, карантиндік талапты ескермей жүрген кейбір кісілерге имамның айтар уәжі бар. 

"Жаназа намазына қатысуға әрбір мұсылманға парыз емес. Туыстар мен ет жақындарынан он адам және бір діни қызметкер қатысқан жаназа намазы да, Құдай қаласа, қабыл болады. Ал денсаулықты сақтау, оны қорғау, оның қадірін білу, аманат деп ескеру - ол біздің дініміздің міндеті. Алла тағала Құран кәрімде айтады: "Сендер өздеріңді өз қолдарыңмен апатқа итермелемеңдер" (Бақара сүресі) деп. Бұл Алланың бұйрығы. Өзімізге және басқалардың денсаулығына зиянымызды тигізбеуімз керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: "Біреуге ешқандай зиянымызды тигізуге болмайды. Сондай-ақ, біреудің зиянына зиянмен жауап беруге болмайды" - дейді. Сондықтан бірінші өзімізге одан кейін басқаларға зиянымыз тиіп кетпеуі керек. Қазіргі таңда міндет емес нәрсені орындаймыз деп, өз денсаулығымызға, ұлт денсаулығына, үмбеттің денсаулығына зарарымызды тигізбеуміз керек. Бұл індеттің қауіпі бүкіл әлемге аян. Күнделікті қаншама қаракөздерміз, бауырларымыз қаза тауып жатыр. Бұны тоқтатуымыз керек, ары қарай жалғаспауына ат салысуымыз керек. Әр бір адам карантиндік сақтық шараларын  сақтай отырып, үлес қосуы керек", - деп үндеді Еркінбек Шоқай. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр