Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аллаға қарсы шыққанмен тең": Мирас пен Құралай жастардың неге көпбалалы болмайтыны туралы

Мирас пен Құралай жастардың неге көпбалалы болмайтыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New Old Qazaqtar бағдарламасына сілтеме жасап. 

Аллаға қарсы шыққанмен тең

Төрт баланы тәрбиелеп отырған жұлдызды жұп, балалы болғысы келмейтіндер туралы айтып берді. Олар ешкімді сынай алмайтынын жеткізген. Дегенмен, құдайдың бергеніне қарсы шығып, белгілі бір әрекет жасау дұрыс емес дейді өнерлі жұп. Мирас пен Құралай көпбалалы отбасыларды да тілге тиек еткен болатын. 

"Алла бергеннен қашпау керек. Үбірлі-шүбірлі болуға не жетсін. Қазіргі таңда көпбалалы отбасылар да бар. Қазіргі заманда балалы болмадың деп біреуді сынай алмайсың. Бір әрекет жасап, балалы болмау - Аллаға қарсы шыққанмен тең. Құдай қанша бала берсе де, шүкір деу керек. Әр баланың өз несібесі бар", - дейді Мирас.  

Талқылау