"Алла тіл-көзден сақтасын": Сахнаға алғаш рет шыққан Қыдырәлі мен Қарақаттың қызы жұртты сүйсіндірді (видео)
Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның қызы Аяла алғаш рет сахнаға шықты. Бүлдіршін дәл қазір 2,5 жаста, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қуанышты жаңалықты бірінші болып Аяла Қыдырәліқызының анасы бөлісті.
«Бүгін алғаш рет құлыншағым екеуіміз подиумға шығып модель болдық. Бір де бір дайындықсыз қалай болар екен деп уайымдап едім. Қызым ұятқа қалдырған жоқ. Алла тіл-көзден сақтасын», - дейді Қарақат Әбілдина.
Сондай-ақ, әнші кәсіби түсірілген видеоның дайын емес екенін айтып, өзінің бейнежазбасын бөлісті. Бұдан біраз уақыт бұрын Аяла Қыдырәліқызының боянып дайындалып жатқан видеосы тараған еді.
Желі қолданушылары өз кезегінде бүлдіршінге тамсанғанын жарыса жазып, оған бақыт тіледі. Алдағы уақытта ата-анасы секілді сахнадан табылатынына сенімді екенін жеткізді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн