Алла Пугачева немересінің тойында “отбасылық өмірдің басты заңы” туралы айтты (видео)
Алла Пугачева немересінің тойында тілек айтып, «отбасылық өмірдің ең басты заңы» туралы айтты. Ресей Примадоннасының тілегі желіде қызу талқыға түсті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Джемал Махмудов есімді азамат Facebook-те Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняковтың тойында айтқан тілегін жариялады.
Видеоны бір тәулікте 3,5 адам бөліскен.
«Отбасылық өмірдің ең басты заңы – ренжісіп қалсаңдар, ешқашан үйден кетуші болмаңдар. Басқа бөлмеге кетіңдер, есікті құлыптап алыңдар, білмеймін, есікті қағыңдар. Арада уақыт өткеннен кейін сен ол бөлмеден бәрібір шығасың да, әрі қарай өміріңді жалғастырасың. Алайда ешқандай жағдайда үйден кетуге болмайды», – дейді Алла Борисовна.
Еске сала кетейік, Кристина Орбакайте мен Владимир Пресняковтың ұлы Никитаның тойы 27 шілде күні Мәскеуде тойланды. Никита 20 жастағы Алена Красновамен шаңырақ көтерді.
Тойға Ресей шоу-бизнесінің «кілегей-қаймақтары» түгел қатысты.
Аленаға дейін Никита қазақстандық Аида Қалиевамен кездесіп жүрген еді. Жұрт жұпты үйленеді деп шуласқанымен, жастар өзара тіл табыса алмаған.
Жіберіп алмаңыз:
Африкалық әйел Димаштың әнін тыңдап, 28 жылда алғаш рет жылағанын айтты (видео)
Ақбота Сейітмағамбет: Бірінші әйелі рұқсат берсе, балаларымыздың бірге өскенін қалаймын
Честер Беннингтонның жесірі іштегі жанайқайын жеткізді
Жартылай жалаңаштанған Валерия тыңдармандарының көңілін қалдырды (фото)