Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алла Пугачева күйеуі Максим Галкинмен бұрыннан бері бөлек бөлмеде жататынын мойындады
Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева күйеуі Максим Галкинмен екі бөлек бөлмеде жататындарын және бұрыннан осылай жалғасып келе жатқанын мойындады.

Бұл туралы әнші «Встреча первая» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
«Үйімізде балаларымыз Гарик пен Лизаның өз бөлмесі бар. Сонымен қатар кішігірім сахна, қонақтарға арналған бөлме де бар. Күйеуім екеуіміз бұрыннан бері бөлек бөлмеде ұйықтаймыз. Сондықтан әрқайсымыздың бөлек бөлмеміз бар», – дейді Пугачева.
Сонымен қатар әнші өзінің опа-далапсыз түріне қатысты желіде түрлі сындар, жағымсыз пікірлер жиі айтылатынын мойындады. Алайда Пугачеваның мұндай пікір қалдырушыларға берер жауабы дайын.
«Мен жас емеспін. Ол рас. Кәрілікке қарсы ештеңе жасай алмайсың. Бүгінде мен жан-дүниемнің жас екенін де айта алмаймын», – дейді Алла Пугачева.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі