Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алла бере салған": Тәуекел Мүслімнің әйелі күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Танымал актер Тәуекел Мүслімнің жары Махаббат күйеуінің жақсы қасиеттерін жіпке тізгендей айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/mahonti__

“Орталық Азияның ең сымбатты ер азаматымен өмір сүрген қалай екен?”деген оқырман сұрағына Махаббат: “Менің күйеуім сымбаттылығымен қоса, ақылды, мейірімді, әділ, адал, төзімді, қамқор әке, керемет жар, айта берсең таусылмайды. Алла бере салған ғой”,  – деп жауап берді.

Тәуекелдің жұбайы кеңес сұраған жандарға некені қалай сақтау қалудың жолдарын да көрсетті.

“Бір-бірлеріңізді сыйлап, тыңдап, сеніңп үйреніңіздер. Ортақ шешімге келу, саяхаттау, табиғатқа шығу, әңгіме-дүкен құру, ойыңызды ашық айту, құшақтасу, даму сынды түрлі жолдары бар. Қарым-қатынасты реттеу үшін күнделікті жұмыс істеу керек”, – дейді Махаббат.

Талқылау
Пікір
056346
18 Нау, 23 жыл - 04:34