“All Давай” тобы қазақ қыздарының қылықтарын әжуалады
Елімізге танымал, көп жылдық тарихы бар “All Давай” тобы 60 минутта бейнебаян түсірді. Аталған бейнебаянда қазақ қыздарының кей қылықтарын әжуалады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әртістердің сөзіне сенсек, аталған бейнебаянды түсіруді алдын ала жоспарламаған. Шоқан мен Данияр мейрамханада тамақтанып отырып сол жерде бойжеткендердің әңгімесін естіген. Олар арықтау туралы айта тұра, пицца жеп отыр екен.
Әншілерге қыздардың бұл әрекеті күлкілі болып көрінген. Осылайша, вайнерлермен бірігіп “Девочка моя” атты әндеріне бейнебаян түсіреді.
Мұнымен қатар, бейнебаяндағы басты рөлдердің бірін тыңдарманы сомдайды. Ділназ Күзейова есімді тыңдарманы осы уақытқа дейін кемістігіне байланысты дауыстап ән салмаса да, оны ым-ишара тілінде шырқап таңқалдырған болатын.
Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін “All Давай” тобының әншілері Алматы-Қапшағай тас жолында соғылған көліктің суретін көрсеткені туралы жазған болатынбыз.