Алькарас 20 матчтың 19-ын жеңіп, US Open үшінші айналымына өтті
Фото: Getty Images
Алькарас US Open турнирінің үшінші айналымына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Испаниялық теннисші Карлос Алькарас US Open жарысының үшінші кезеңіне сенімді түрде жолдама алды. Әлемнің екінші ракеткасы италиялық Маттиа Беллуччиді 6:1, 6:0, 6:3 есебімен ойсырата ұтты. Айта кетейік, кездесу барысында Беллуччидің бірде-бір брейк-пойнты болған жоқ.
Осылайша бұл жеңіс Алькарас үшін соңғы 20 матчтағы 19-шысы болды. Жалпы маусымдық көрсеткіші – 56 жеңіс, 6 жеңіліс.
Келесі айналымда ол аргентиналық Лучиано Дардеримен кездеседі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

