AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Шалабекова ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

ҚР үкіметінің қаулысымен Әлия Лазаревна Шалабекова Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шалабекова

ҚР үкіметінің қаулысымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды.

Әлия Шалабекова 1976 жылы Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Колумбия университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Әділет министрлігінің Қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету департаментінің қаржы бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.

1999-2008 жж. – ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды.

2008-2012 жж. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2012 жылғы мамыр-шілде аралығында – "Нұр Отан" ХДП Жоғары партия мектебінің сараптау және үйлестіру секторының меңгерушісі.

2014 жылғы маусым-қазан аралығында – ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының м.а.

2014-2019 жж. – ҚР Энергетика министрлігінде басшылық қызметтерде болды.

2019-2020 жж. – ҚР ЭГТРМ Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры.

2020 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭГТРМ Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр