Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Назарбаева “Анаға апарар жол” фильмінің тұсаукесерінде көз жасына ерік берді

Алматыдағы Республика сарайында режиссер Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмінің премьерасы өтті. Фильмге Әлия Назарбаев бас продюсер болған.

48747a1042e1cc384537a8d194040c7c

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Тұсаукесер көрсетілімде картинаға атсалысқан барша тұлға, оның ішінде Әлия Назарбаева да төбе көрсетті. Сондай-ақ, кешке мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров, ҚР мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, сенат депутаты Бірғаным Әйтімова және де белгілі қазақстандық актерлер мен актрисалар келді.

“Мен үшін “Анаға апарар жол” фильмінің орыны ерекше. Біріншіден, біз бұл картинаны барша аналар құрметіне арнадық, екіншіден фильм сценариінің қағазға түсуіне ата-анам айтып берген тарихи оқиға себеп болды. Ол оқиғада ана соғысқа кеткен ұлын бірнеше жыл бойы келеді деп күтіп жүреді. Міне кішкентай оқиғадан үлкен фильм туды”, – деген Ақан Сатаев, барлық түсірілім тобына, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, “Қазақфильм” киностудиясына және Әлия Назарбаеваға алғыс білдірді.

Өз кезегінде сөз алған Әлия Назарбаева алғысөз айтып, барша көрерменнің бұл фильмді қолдарына орамал алып отырып көрулеріне кеңес берді.

“Барша шығармашылық ұжымға алғыс айтамын. Құрметті аналар, бүгінгі кеш сіздерге арналады. Егер кімде-кім бүгінгі кешке аналарымен келсе, мен сол жандарға бұрылып аналарыңызды құшақтаңыздар деп айтқым келеді. Фильм барлығыңызға ұнайды деп үміттенемін. Айтпақшы, картинада жүрек елжірететін сәттер өте көп, сондықтан бет орамалдарыңызды да дайындап отырыңыздар”, – деді Әлия Назарбаева.

Расында да, көптеген көрермендер фильмді көру барысында көңілдері босады. Әлия Нұрсұлтанқызының өзі де, фильмді бұған дейін бірнеше рет қарап шыққанына қарамастан, бүгінгі кеште көзіне еріксіз жас келгенін мойындады.

20160928002653

Картина жалпыұлттық прокатқа 2016 жылдың 29 қыркүйегінен бастап шығады.

Фильмнің түсірілім жұмыстары Қазақстан, Беларусия, Әзербайдан елдерінде өткен. Қызығы, “Днепрді алу” сахнасында түсірілім жұмысына 500-ден астам адам, 300 техника бірлігі жұмылдырылып, кәсіби каскадерлер ойнап, арнайы пиротехникалар қолданылған. Жалпы жиынтығы фильм барысында 2000-нан астам адам еңбек етіпті.

Фильмде басты рөлдерді Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова және Берік Айтжановтар ойнайды.

Оқи отырыңыздар:

Алтынбек Қоразбаев “Ninety one” тобын жақтап сөйледі

Бір телехикаяда екі жігітпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева тағы да жұртты ашуландырды (фото)

Баян Есентаева Үндістан ауруханасында ауыр хәлде жатқан қазақстандықтарға қолдау білдірді

Гүлмира Ақүрпекованың күйеуін өз құдашасы тартып алған (фото)

Әбдірайымов стильдерін өзгертпесе, 91 тобын ұрып-соғатын намысты жігіттердің табылатынын ескертті

Кәмшат Жолдыбаева жаттығу жасаймын деп сынның астында қалды (видео)

Талқылау