Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Кәрімов коронавирустан емделіп шықты

Әлішер Кәрімов коронавирустан емделіп шықты. Әнші бір ай бойы ем қабылдап, жазылып шықты. 

Көздің өзі 5 мың доллар»: Әлішер Кәрімов пластикалық отаны қаншаға жасатқанын айтты

Қуанышты хабарды әншінің өзі айтты. 

"Құрметті достар! Қалдарыңыз қалай? Сіздермен жүздеспегелі біраз уақыт болды. Мен сіздерді сағынып қалдым. Бір ай бойы ем қабылдап, өзімді оқшаулауға тура келді. Өздеріңізді, жақындарыңызды қорғаңыздар. Жаман аурудың беті қайтып, жақсылықта жүздесеміз деп сенемін. Әлі талай әндерді шырқайтын боламыз.

Вирус маған да жұқты. Өз-өзімді оқшауладым. Бір ай ем қабылдадым. Маған система салды, бірнеше дәрі іштім. Дәрумендер іштім. Иммунитетімді көтердім.

Кеше сынама тапсырған едім, теріс нәтиже көрсетті. Бәріне зор денсаулық пен жақсы көңіл-күй тілеймін. Сақтанып жүріңізер. Сіздердің Әлішеріңіз", - дейді әнші видео үндеуінде.

Әншінің денсаулығына алаңдаған жұрт жақсы тілегін жаудырып жатыр. 

"Ауырмаңыз. Деніңіз ау болсын. Ешкім ауырмаса екен", "Вирустан ауырып жатқандарға демеу болсын! Бәрі жазылып кетсін", "Сіз үшін уайымдаймыз, ауырмасаңыз екен", "Жақсы күндерде жүздесейік, халыққа құдай жар болсын", - деп жазды олар.


"Қазір тек амандасып тұрамыз": Әлішер Кәрімов өзі құлай сүйген аруы жайлы айтты


 

Талқылау