Әлішер Кәрімов: 2000 теңгеге де сәнді киіне аламын
Жуырда жеке кешін өткізген әнші Әлішер Кәрімов сахнаға шұлықсыз әрі жейдесіз шықты. Ол аппақ костюмді жалаңаш денесіне, ал қара туфлиді жалаңаш аяғына киіп алды. Әркез стилімен ерекшеленетін әнші бұл жолы да тыңдармандарын таңғалдырды.
31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында әнші арзан ақшаға да сәнді киім таба алатынын айтып мақтанды.
“Стиль деген мен үшін – өзіңді-өзің танытумен тең. Мен, тіпті 2000 теңгеге сәнді киіне аламын. Бірінші кезекте киім ыңғайлы болуы керек. Себебі мен өте көп қимылдаймын. Бір түсінгенім, сахнаға жейде киіп шыққан ыңғайсызық тудырады екен”, – дейді ол.
Кеудесін жалаңаштаған әнші оның өзіндік себебін де түсіндірді.
“Кеудем әдемі, жас кезде ондайды көріп қалу керек. 2008 жылы алғаш рет шұлық кимей шыққанымда балағаттағандар көп болған. Қазір қарасаңыз, екінің бірі аяқ киімді солай киеді. Елден ерекшелену керек қой. Бірақ менің негізгі көздегенім ол емес. Менің болмысым осы. Неге екені белгісіз, кейін оны басқалар қайталайды. Оған қуанамын”, – деп түйіндеді Әлішер.
Жіберіп алмаңыз:
Тыңдармандар Серіктің жары Айнамкөздің жүкті екенін байқап қалды (фото)
Өнер әлемінің “қаймақтары” Гүлзира Айдарбековаға не сыйлады? (фото, видео)