Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Ерғали мен Жәмила Бақбергенова Венгриядағы турнирде топ жарды

Еркін күрес шеберлері Әлішер Ерғали мен Жәмила Бақбергенова Венгрияда өткен рейтингілік турнирде топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Қазақстандық балуандар Париж олимпиадасы алдында Венгрияда өткен рейтингілік турнирге қатысып, бақтарын сынады. Еркін күрестен 97 келіде белдескен Әлішер Ерғали ғана жарыс жеңімпазы болса, әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (76 кг) ғана алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ 97 келідегі Ризабек Айтмұқан қола, Юсуп Батырмурзаев күміс жүлдегер атанса, 86 келідегі Азамат Дәулетбеков қола жүлде үшін белдесуде жеңіліп қалды. Әлішер финалда 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әзірбайжандық Магомедхан Магомедовтың мысын басса, Жәмила жергілікті балуан Ноэми Сабадоштан басым түсті. Жәмиладан бөлек, Гүлмарал Еркебаева мен Дина Қаюмова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Өкінішке қарай, “классиктердің” бірде-біреуі жүлдеге іліне алған жоқ.

Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасына 7 жолдама бар. Соның төртеуін “классиктер” иеленсе, үшеуін еркін күрес шеберлері жеңіп алған.  

Талқылау