Соңғы жаңалықтар

Алып қашпаған қалыңдық: Түркістандық полицейлер 17 жастағы қызды үйіне қайтарды

Түркістан облысының полицейлері аудан тұрғынының 17 жастағы қызын тауып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Бәйдібек АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Әйелдің айтуынша, оның 17 жастағы қызын әлеуметтік желі арқылы танысқан Алматылық жігіт сағат 17:50 шамасында тұрғын-үйінің ауласынан алып қашқан. Қызының болашағына алаңдаған ана, полицейлерден тез арада тауып беруін сұрайды.

Ақпаратты алысымен полицейлер шұғыл іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден сұрастырып, қыз бен жігіттің баруы мүмкін жерлер мұқият тексеріледі. Нәтижесінде келесі күні олардың жүрген жерлері анықталды.

"Ата-анасының рұқсатынсыз алып қашқан жігіт қызбен бірге Түркістан қаласының саябақтарының бірінен табылды. Олар полиция бөліміне жеткізілді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 125-бабымен тіркелген", - деді полицияда.

Тергеу барысында анықталғандай 17 жастағы қыз, ол жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысып, сөйлесіп жүргеніне 6 ай болған. Қыз өзін ешкім күштемегенін, өз еркімен шыққанын мойындады. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде қыздың анасы полицейлерге шынайы ризашылығын білдіріп, үлкен алғысын айтты. Жастардың жастықпен асығыс шешім қабылдауына жол бермей, тез арада тауып, қызын аман-есен үйіне қайтарғанына рахметін жеткізді.

Түркістан облысы полицейлері ата-аналарға өтпелі кезең жасындағы ұл-қыздарын ерекше бақылауға алып, олармен дос болуға шақырды. Және олардың араласатын ортасын жақсы тануға кеңес берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр