Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алып-қашпа әңгіме көп": Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Айдана Меденова не үшін орамал таққанын түсіндірді

Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Айдана Меденова орамалына қатысты дауға нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Жақында экс-әнші үшінші мәрте ана атанып, қызына Ханифа деп ат қойды. 

“2019 жыл, 12 қыркүйек. Архивтен тауып алған фотом. Ол кезде орамалды тек намаз оқығанда ғана тағатын едім. Бірақ сол кезде “Алла маған орамал тақтырады, ол мені тастамайды” деп ойлайтын едім. Аллаға шүкір, осы фотоға қарап отырып,  жүріп өткен жолдарымды риза болып есіме аламын. Түбегейлі орамал тағу туралы шешім шығарғанымда түрлі алып-қашпа әңгіме көбейді. Тіпті мезгіл сайын әртүрлі пікір жазылды. Мысалы, “қалай тез тағып алды”, “әншіліктен үй шаруасындағы әйелге айналды”, “Енді сахнаға шықпайтын болды” деген пікір естідім”, – дейді экс-әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі болашақта да сахнаға шығу ойында жоқ екенін айтты. 

“Мен енді ән айтпаймын. Сахнаға шықпаймын. Бірақ шығармашылықпен айналыса беремін. Ол тек ән айтумен ғана өлшенбейді. Жақында сіздерге өзімді толық таныстырамын. Тіпті ол туралы жеке парақшамда да айтпағанмын. Бірақ нақты уәде бере алмаймын”, – деп әнші оқырмандарын екіойлы күйге қалдырды. 

 Фото: https://www.instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Еске салайық, экс-эстрада жұлдызы дінді қабылдағаны үшін тапсырыспен мақала жаздырған әріптестері туралы айтқанын жазған едік. 

Талқылау