Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тапсырыспен мақала жаздырған": Дінге бет бұрған Айдана Меденова өнердегі әріптестерінің сынына ұшырағанын жасырмады

Әншіліктен біржола қол үзіп, дінге бет бұрған Айдана Меденова оқырмандардың сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Сондай-ақ әнші хиджаб киюінің де сырын ашты. 

“Өнерден бекер кеттің деп сізге бұрынғы әріптестеріңіз айта ма?” деген сұрағына: “Әрине бар. Басында өте көп болды. Қазір ондай әңгімелер азайды. Әртүрлі “заказной” мақалалар да азайды”, – деп жауап берді экс-әнші. 

Сонымен қатар хиджаб киюінің де құпиясын бөлісті. Өнер иесі “Орамалға қалай келдіңіз?” деген тыңдарманының сұрағын да жауапсыз қалдырмаған. 

“Алланың сөзін оқуды бастаңыз. Сізде бәрі ашылады. Шыны керек, бірінші кезде Алланың қалауымен ақиқат ашылғанда маған келген ең бірінші ой: “Бұған дейін маған неге ешкім айтпаған” деп жыладым. Бірақ жүректі ашатын тек Алла. Соны ұмытпауымыз керек”, – деді өнер иесі. 

   Фото: https://www.instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Еске салайық, экс-әнші марқұм ата-анасы туралы айтқанын жазған едік. 

 

Талқылау