Соңғы жаңалықтар

Алимент төлегісі келмеген бай кәсіпкер бар ақшасын өртеп жіберген

Канаданың Оттава қаласының тұрғыны, кәсіпкер Брюс МакКонвиль сот барысында әйеліне өтіп кетпес үшін ақшасын өрттеп жібергендігін мойындапты. Сол себепті судья оны 30 күнге абақтыға қамауды жөн көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

МакКонвиль

55 жастағы кәсіпкер, Оттава қаласының мэры болмақшы болып, сайлауға түскен Брюс МакКонвиль есімді ер азамат сотқа өзінің қаржы жағдайы туралы есеп беруден бас тартыпты. Аталмыш сот оның әйелімен ажырасуына байланысты өтіп жатқан. 

МакКонвиль өзінің бар мүлкі мен бизнесін сатып, банк шотындағы миллионнан астам канадалық долларды (шамамен 286 миллион теңге) шешіп алып, оны өртеп жіберіпті. Осылайша канадалық азамат әйелін көк тиынсыз қалдырғысы келген. Сөзінше, 2019 жылдың қыркүйегінде ол ақшаны бір жартысын, ал желтоқсан айында екінші бөлігін өртеген. 

Ер адам өзінің қазіргі кезде қанша ақшасы бар екендігін айтудан бас тартқандықтан сот оның әйелі мен баласына қанша алимент төлейтінін анықтай алмапты. Сол себепті ол әйеліне мүлдем ақша төлемепті. 

МакКонвиль өзінің бұл ісін дәлелдейтін айғақ табыстай алмаған. Айтуынша, ол бар ақшасын ешкімге айтпай өртеген. Десек те сотты жүргізген судья оның сөзіне сенбей, кәсіпкерді сот барысына құрметпен қарамағаны үшін жазаға кесіпті.

Канадалық азамат өзінің балаларының қамын ойламағаны үшін кінәлі деп табылып, 30 күнге түрмеге жабылды. Берер ақшам қалмады деген кәсіпкер судьяның үкімімен бұрынғы әйеліне күніне екі мың канадалық доллар (шамамен 573 мың теңге) төлеуі тиіс деп танылыпты. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...