Әлімбет ауылының газ құбыры жақын күндері пайдалануға беріледі
Жалпы, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта мердігер ұйым газ құбырын тексеруде. Сынақтан өткізу кезінде анықталған ескертулерді жояды. Сондай-ақ нысанды пайдалануға беру туралы құжаттаманы рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекенді газдандыру жобасын іске асыру басталғалы барлығы 57,7 шақырым газ құбыры желісі салынды.
Жобада 1100 адам тұратын 240 үйге және 4 әлеуметтік нысанға газ құбырын жеткізу қарастырылған. 240 үйдің ішінен 154 тұрғын үйге 513 тонна көмір әкелінді, 83 үйде электр жылыту жүйесі бар. Пештері бұзылған 3 тұрғын үй электр жабдығымен жылытып отыр.
Бүгін Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібәлиев қатты отын пештері бұзылған үйлерге барды. Қазіргі уақытта тұрғын үй-жайларында бөлме температурасы 18 градусты көрсетіп тұр.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен әңгімелесіп, газ құбырын қосу процесін жеделдету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ