Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлихан Смайылов қаржы министрі қызметінен кетті

Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы қаржы министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зейнет жасы керісінше уақытымен өсе береді: Қаржы министрі зейнетке шығу жасын төмендету туралы айтты

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. 

"Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын", -  делінген президент қаулысында.

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген.1996 жылы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

1993-1995 жылдары - «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы.

1996-1998 жылдары - ҚР ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.

1998 жылдың наурызы мен сәуірі аралығында - ҚР статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары.

1998-1999 жылдары - ҚР президенті әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор.

1999-2003 жылдары - ҚР статиститка агенттігінің төрағасы.

2003 жылғы ақпан мен шілде аралығында - ҚР сыртқы істер вице-министрі.

2003-2006 жылдары - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.

2006-2007 жылдары - ҚР қаржы вице-министрі.

2007-2008 жылдары - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті.

2008-2009 жылдары - ҚР қаржы вице-министрі.

2009-2014 жылдары - ҚР Республикасы статистика агенттігінің төрағасы.

2014-2015 жылдары - ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің төрағасы.

2018-2020 жылдың 18 мамырына дейін ҚР қаржы министрі. 


 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 18 Мамыр, 2020 17:03
Талқылау