Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлиге үлкен сенім артамын": Головкин Ахмедовтың алдағы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мүддесін өзінің GGG Promotions промоутерлік компаниясы қорғайтын Әли Ахмедовтың (18-1, 14 КО) алдағы жекпе-жегі туралы ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Гена - Али

Қазақстандық боксшы GGG – "Канело" трилогиясының андеркартында өнер көрсетеді. Ахмедовтың қарсыласы Головкин 2013 жылы нокаутпен жеңген, атақты америкалық Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) болмақ. Жекпе-жек барысында "Солтүстік Америка" IBF супер орта салмақтағы белбеуі таласқа түседі.

"Мен Али үшін оның келесі жекпе-жегі DAZN PPV-да болатынына өте қуаныштымын. Және бұл титулдық жекпе-жек болады. Бұл Әлиге өзін жақсы жағынан көрсетуге және үлкен әсер қалдыруға мүмкіндік береді. Промоутер ретінде мен Әлиге үлкен сенім артамын және оның атын шығаратын кез келді деп ойлаймын", - дейді Головкин.

Еске салайық, көптен күткен бокс кеші 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 27 Шілде, 2022 10:37
Талқылау