Әлиев “бейбіт келісімге келуге” келіскен Пашинянмен кездесуден бас тартты
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев 5 қазан күні Гранадада Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен өтетін кездесуге барудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Anadolu Ajansı
Кездесу ЕО, Франция және Германия басшыларының қатысуымен өтуі керек болатын.
Әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, Бакудің шешімін өзгертуіне Париж бен Берлиннің Түркияның да кездесуге қатысуына қарсы болуы ықпал жасаған. Сондай-ақ Францияның "деструктивті ұстанымы" да әсер еткен болуы мүмкін.
Әзірбайжан "Франция шенеуніктерінің армяншыл мәлімдемелеріне", Франция Сыртқы істер министрінің Арменияға сапарына және Париж бен Ереван арасындағы әскери ынтымақтастыққа түсініспеушілік танытқан.
Euronews агенттігінің хабарлауынша, Франция Арменияның қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін әскери техника жеткізу туралы келісімге қол қоюға дайын. Париж сондай-ақ Ереван үкіметіне "үздіксіз қолдау көрсетуге" уәде беріп, 12,5 миллион еуро көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Түрік ақпарат құралдары мен Bloomberg Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның да Гранададағы саммитке келмейтінін растады.
Армения және Әзірбайжан өкілдерінің Гранададағы кездесуінде Бакудің Таулы Қарабақ аймағына толық бақылау орнату жөніндегі әскери операциясынан кейінгі жағдайды талқылау жоспарланған болатын.