Alibaba акцияларына салынған инвестиция қазақстандық компанияға 329 мың доллар шығын әкелді
Қазақстандық "Мемлекеттік аннуитеттік компания" АҚ “Alibaba Group Holding Limited” акцияларына инвестиция салып, 329,1 мың доллар шығынға ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2021 жылдың наурыз айында “Мемлекеттік аннуитеттік компания” "Alibaba Group Holding Limited" компаниясының 2 135 акциясын 499,3 мың долларға немесе 209,2 миллион теңгеге сатып алып, 2022 жылдың қыркүйегінде олар 170,2 мың долларға немесе 81,2 миллион теңгеге сатты. Алайда мұның соңы 329,1 мың доллар немесе 128 млн теңге шығын әкелді", – делінген Жоғары есеп палатасы ақпаратында.
Құжатқа сәйкес, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" АҚ бағалы қағаздарды сатып алу-сату және ақшаны екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге орналастыру бойынша инвестициялық қызмет нәтижесінде 328,7 млн.теңге залал келтірілген.
Талқылау

Шерзат ісі бойынша үкім, Израиль-Иран қақтығысы, Үндістандағы ұшақ апаты: Маусым айы несімен есте қалды
Сонымен қатар министрліктердің басшылары ауысқан

Аулада қоқыс өртегендерге және кәуап пісіргендерге қандай айыппұл қарастырылған?
Заңға сай, көпқабатты тұрғын үйдің ауласында от жағуға рұқсат етілмейді