Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов: Жаңа жылды жалғыз өзім автобуста тоңып қарсы алғаным бар

Жаңа жылды қай жан болсын, 365 күн бойы тағатсыздана күтеді. Әйтсе де, көңілді мереке қарсаңында отандық шоу-бизнестің өкілдеріне тағдыр түрлі тосынсый әзірлеп, өнер иелері қызықты жайттармен жолығатын көрінеді. Мәселен әр жылдың басын жақындарының жанында өткізуді жөн санайтын Әли Оқапов, екі жыл бұрын жалғыз өзі қарсы алыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әли ОқаповСурет: instagram.com/aliokapov/?hl=ru

«Мен осыдан екі жыл бұрын 31 желтоқсан күні елордада болдым. Сөйтіп сахнада, мерекелік концерттің сценарийі бойынша дәл он екіге он минут қалғанда екі ән айтып, әрі қарай салют атылу керек еді. Бірақ уақыт жағынан бәрі созылып, жылжып кетті. Сөйтіп жартысы сахнада, енді бірі отбасымен, кейбіреулер далада тойласа, мен жалғыз, автобуста тоңып қарсы алғаным бар, – деп күліп еске алды Әли.

Ал, Арман Дүйсеновке жыл соңында кеш тізгіндеуге сұраныс артатын көрінеді. Алайда  Дүйсенов мереке күні үнемі үйінен табылады. Себебі жаңа жылды отбасымен өткізуді құп көреді. Бір кездері 31 желтоқсанда өзге қаладан тапсырыс түсіп, шоумен той жүргізуге бала-шағасымен бірге барған.

«Бір жолы мені Ақтөбеде той өткізіп берсеңіз, және жаңа  жылды сол жерде қарсы алсаңыз деп шақырды. Келісімімді бердім. Бірақ мен өзімнің отбасымды да алып барамын деп талап қойдым. Олар «жақсы, ендеше жанұяңызға да билет алып қояйық» деді.  Содан қонақ үйдің жоғары жағында бала-шағам отыр. Астында мен той өткізіп жатырмын. Сағат он екі болды-ау дегенде, мына жақта адамдар алақайлап жатты. Сол кезде жоғарыға жүгіріп барып, жақындарымды құттықтап, беттерінен сүйіп, төмен түсіп әрмен қарай тойды жүргізіп кеткенім бар», – дейді Арман Дүйсенов.

Иә, ердің табысы түзде. Бүгінде төрт баланың әкесі Төлепберген, нәпақа табу ниетімен жаңа жылды жанұясынан жырақта қарсы алуды жиілеткен. Бас қаланың уақытымен жүруге еті үйренген әнші, сыр елінде сағат тілінің кері соғуының салдарынан, мейрам күні халықпен бірге әбден әуре-сарсаңға түсіпті.

«2019 жылды Қызылорда қаласында қарсы алдым. Бір қызығы, Қызылордада былтыр уақыт бір сағатқа ауысты да, мен де, қызылордалықтар да түсінбей қалды. Сол кезде ғана батыстың жаңа жылды қарсы алуы қиындау екенін ұқтым. Астана, Алматыда салют атып, ооо деп, президент құттықтап жатқан кезде батыста әлі жақта әлі он бір. Жарайды, Атырау, Ақтау үйреніп қалған ғой. Ал, Қызылорда жақта бірінші  рет болды да, сөйтіп жартысы он бірде, екіншісі он екіде қарсы алып, түсінбей, қарбалас болып кетті», – дейді Айқын.

Иә, өнер иелерінің өмірі қызықты оқиғамен өріліп қоймай, үнемі жол үстінде өтетіні де бар. Мәселен «Ой, жеңге» әнімен көптің жүрегін баураған Серікбол да, жаңа жылды жанұясымен қарсы алуға асығады. Алайда әнші бір кездері қиындыққа тап болған.

«Бір кездері ауылдан қалаға шықтым. Алайда көлігіміз бұзылып,  жаңа жылды жолда қарсы алғанмын. Сонымен мереке өтті, ал біз бір күндей тұрдық. Өйткені 31 желтоқсан күні тойлатқан адамдар ертесінде тұрмайды ғой. Звондаймыз, бәрінің ұялы телефоны сөндірулі. Жанымдағы жігітке, «ендеше күтейік, естерін жиып алсын» деп күлдім», – дейді әнші.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жаңа туған сәбиімен бірге 22 жастағы ана жоғалып кетті

Жоғалған бойжеткенді іздестіруге облыстық полиция департаментінен бөлек, еріктілер тобы да жұмылдырылмақ

Қытайдан тарап жатқан індетке байланысты теннис жарысы Қазақстанға көшірілді

Сайыс 4-8 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді

Қазақстанда коронавирусқа қатысты тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс-орталығы іске қосылды

Қазақстандықтар орталыққа хабарласып, коронавирустық инфекцияға қатысты кез келген сауалын қоя алады

Қазақ қызына ессіз ғашық болған кубалық: Сіздерден артық қонақжай халық көрмедім

Олар бастапқыда Кубада қалуды жөн көрген

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек

Енді бала санына шектеу болмайды

Коронавирус тараған Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме? Дәрігер жауап берді

Соңғы рет 54 адам көз жұмды

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты
Çàãðóçêà...