Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов ұлына не себепті әкесінің атын бермегенін түсіндірді

Жақында әке атанған әнші Әли Оқапов “Без прикрас” бағдарламасында ұлы Зейінге арғы атасының есімін бергенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Зейіннің тегі – Оқапов. Өз атасының атын берсек те болатын еді, бірақ әкемнің әкесінің есімін беруді жөн көрдік. Осылайша әулетіміздің тарихы жалғаспақ. Әкемнің атын сақтағым-ақ келеді. Бірақ “Оқапов” дегенде ең бірінші ойға “Тасқын” деген есім оралады, одан кейін мен, енді міне, Зейін де Оқапов болды. Зейін аққұба келген жігіт, бірақ түр-келбеті күн сайын өзгеріп жатыр. Анамның айтуынша, мен де кішкентай кезімде Зейін сияқты болған екенмін. Сондықтан менің ұлым өскенде аққұба “Әли Оқапов” болады деп үміттенемін”, – дейді Әли күліп.

Сондай-ақ көпшілікті жұлдызды ене мен келіннің қарым-қатынасы қызықтыратыны сөзсіз. Әли Оқапов бқл сауалды да жауапсыз қалдырмады.

“Олардың ара қатынасы өте керемет. Біз анамыздан бөлек тұрамыз. Менің анамнан бөлек шыққаныма 7-8 жылдай болды. Ол кезде де бөлек шығу туралы ұсынысты анамның өзі тастады. “Бөлек тұратын кезің келді. Әртіссің, гастрольдік сапарға шығасың” деді. Содан ұзақ жыл өзім жалғаз тұрдым, кейін шаңырақ көтердім. Онда да анаммен бірге тұрған емеспіз. Бірақ анаммен көршіміз, уақытынің көп бөлігін біздің үйде өткізеді. Ал Ақеркенің анасы Атырауда тұрады. Ол кісі де жиі келіп тұрады”, – дейді әнші.

Талқылау