Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов «сүйіктісін» ән байқауынан шығарып тастады (видео)

Әли Оқапов өзі төрелік етіп жүрген «Голос» байқауында қос сұлудың арасында таңдау жасады. Қатысушылар Мөлдір Ахасова мен Садия Роза Рымбаеваның репертуарындағы «Отандастар» әнін орындаған еді.

окапов тим-2

Нұрлан Абдуллин Әлиге «Көрмей тыңдау» кезеңінде қазылар алқасын тәнті еткен Садия есімді аруға болашақ жар ретінде қарап көруге кеңес берді. Өз сөзінде Абдуллин Роза Рымбаеваға келін іздеу міндеті мойнына жүктелгенін айтып қалды.

Бір жағынан, өзге қатысушыларға қаталдық танытатын Әлидің жүзінен Садия ән айтқан кезде жылулық байқалды. Рымбаеваның ұлы артық сөзсіз аруды өз тобына қабылдаған-ды. Содан кейін Садияға Рымбаеваның болашақ келіні ретінде қараушылар көбейді. Бұл туралы БАҚ құралдары да жарыса жазды. Алайда бұл «махаббат хикаясы» ұзаққа созылмады. Екі әншінің біреуін таңдайтын кезеңге келгенде Әли сезім атаулыны шетке ысырып қойып, өз тобында Садияны емес, оның бақталасын қалдыруды жөн көрді.

“Шынымды айтайын, сендер бұл әнді қазіргіден жақсырақ орындай алатын едіңдер. Бұған дейін айтқанымдай, алдарыңызда Роза Рымбаеваның әндерін жатқа білетін маман отыр. Басқа әншелірдің орындауында естігенім бар. Мөлдір әннен қалып қалып жатырсың, ал Садия сен көбінесе өзіңе тамсанасың, көбірек ән айту керек”, – деп пікір білдірген Оқапов өз шешімін айтты.

Өз кезегінде Садия жобадан шығып қалғанына өкінетінін, десе де қателікті өзінің жібергенін мойындады.

Жіберіп алмаңыз:

Әли Оқапов: Анама әкемізден басқасын жолатпаймыз деп айтқан емеспін

Роза Рымбаева соңғы 25 жылда барлық туысқанын қалаға көшіріп, жұмысқа орналастырған

Қырғыз әншісі Абай Бегейдің танымал әнін ұрлап алды (видео)

Ирина Тен, тележүргізуші: Қазақ отбасына келін болуға дайынмын

Талқылау