Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов пәтеріне ескертусіз келе беретін анасына ренжіп жүр

Әли Оқапов жеке пәтеріне ескертусіз келе салатын анасына деген ренішін білдірді. Әнші бөлек пәтерге шыққаннан кейін қалай тұрып жатқанын әңгімелеп, анасымен қандай ортақ шешімге келгенін айтты.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ұлын үйлендірмесе де, әлден-ақ пәтер алып берген Роза Рымбаева мұндай қадамға баруының себебін түсіндірді. Бір қызығы, Роза Қуанышқызы Әлиді бөлек шығарғанымен, көрші подъезден пәтер алып берген.

Келешекте үйленіп қалса, үйі болсын деген оймен алып бердім. Екеуміз көрші тұрамыз бір үйде, ол келесі подъезде тұрады. Әли сол үйге қонады, кейде менің үйіме қонады. Екі үйде араласып жүре береміз“, – дейді Халық әртісі.

Өз кезегінде Әли өз қалауымен бөлек шықпағанын түсіндірді.

“Бөлек шығу менің шешімім болған жоқ. Біз бір үйде тұрғанбыз, бірақ анам осылай шешім қабылдады. Мен басқа пәтер алып, бәріміз бірге көшеміз деп ойладым. Бірақ анам бөлек тұрасың деді. Жарайды дедім. Өйткені біз бәрібір бір үйде тұрсақ та, бір-бірімізді көрмейтінбіз. Мен келгенде олар ұйықтап қалады, мен тұрғанша олар кетіп қалады. Алматының өзіне қарағанда басқа қалаларда бір-бірімізді жиі көреміз. Содан кейін өзі бірден айтты жақын жерден қарайық деп. “Кейін үйленіп жатсаң, немерелерімді менің үйіме кіргізіп жіберсең де ыңғайлы” дегендей… Жоспар бойынша анам, тіпті, қатар тұрған пәтер алғысы келген. Бірақ мен: «Одан не пайда, қатар тұрғаннан бірге тұра бермедік пе?» дедім. Ортада бір есік болғаннан ештеңе өзгермейді.

Менің де өз өмірім бар. Кім біледі, ертең біз де шулайтын шығармыз, ұрсатын шығармыз достарыммен немесе болашақ жарыммен. Оның бәріне анамның мазасын алып қажеті жоқ деп ойладым. Қарсы болмасаң көршілес подъезден алсақ, бірақ бір үйде тұра берсек жақсы болатын сияқты дедім. Анам көнді“, – дейді Оқапов.

Оқапов бөлек тұрғанымен, үй тірлігіне анасының үнемі қолғабыс етіп отыратынын мойындады. Ешқашан ас үйге кіріп көрмеген сері жігіт мүлдем тамақ әзірлей алмайтын болып шықты.

Менің ойымша, қатты айырмашылық жоқ сияқты. Мен, мысалы, тамақ әзірлей алмаймын. Қарным ашып кетеді, қалаға барып тамақтануға уақыт жоқ. Анама звондасам, қалай істейтінін білмеймін, 2-3 минуттың ішінде ыстық тамақ та, шай да дайын тұрады. Бірдеңе үтіктеу керек болса, сондай үйдің тіршілігімен қолдап жүреді“, – деп бөлісті Әли.

Бір қызығы, алғашқыда бөлек тұруды қаламаған Оқапов бұл күндері пәтеріне ескертусіз келе салатын анасына ренжіп жүр.

Кей-кездері өзі кіріп шығады, алдын ала звондамайды, менен ештеңе сұрамайды. Содан кейін бір күні түсіндіріп бердім. Бөлек тұрғаннан кейін мүмкін мен дайын емеспін, мүмкін үйім лас немесе үйде жоқпын. Сондықтан ескертіп тұрсаң дұрысырақ, – дедім. Ол мені түсінді. “Жарайды, үлкен болдың, өзің шеш, бірақ үйіңді таза ұстауға тырыс” деді”, – деп түсіндірді Әли.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Қуанышқызы: Жұрт мені сыр бермейтін «темір әйел» дейді. Бірақ, жалғыздықта көп жыладым

Айгүл Иманбаева: Сәбиттің ата-анасына әлі күнге дейін сәлем салып, “мама, папа” деймін

Перизат Омарова: Арыстан Баб аян беріп, Марат Омаровтың жарым болатынын айтты

Ернар Айдардың әйгілі әні плагиат болып шықты (видео)

 

Талқылау