Әли Оқапов киноға түсті

«Арманға» деп ән салған Әли Оқапов ақыры арманына жетті. Актер болуды армандаған сері кино әлеміне қадам басты.

Бұл туралы Hit-ТВ арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Шынымен де менің арманың орындалды деп айтуға болады. Алғашқы рет кино саласына қадам бастым. Ол үлкен кино болмаса да, телехикая. Телехикаяға түскен адамдар тізімінде жалғыз мен актер емеспін. Дегенмен сондай актерлармен бірге көгілдір экранға шығудың өзі ерекше тәжірибе. Көреміз қалай болатынын. Көрерменнің көңілінен шыға ма, маған сене ма, сенбей ма дегендей… Бірақ өзіме қызық, жаңа бір бағыт», – дейді Әли.

Әли жаңа телехикаяда «Қайрат» жастар құрама командасының ойыншысы Мұхиттың рөлін сомдайды. Бұл сериал тек спорт тақырыбында ғана емес, адами қарым-қатынас мәселесін де қозғайды.

«Мен спортшының рөлін сомдаймын. Телехикаяның басым бөлігі спорт жайлы емес, қарым-қатынас жайында. Қиын, мен спортшы емеспін. Әсіресе, футбол жағынан тіпті нашармын. Сондықтан жаттығуларға барып, дайындалып жүрдім. Қаншалықты жақсы шығатынын эфирге шыққан соң көрерміз. Бірақ мен тырысамын», – дейді Әли.

Режиссерлердің құлағына алтын сырға! Әли өзі армандайтын рөл туралы да айтып қалды.

«Арманым әскери адамды ойнау. Оған өзім қадам баса алмаймын. Өйткені ол мүмкін емес. Сол жайлы кино түсірілсе, шақырса ғана мүмкін, әрине, міндетті түрде барар едім. Бірақ енді өзім не істеймін? Әскериді ойнаймын деп өзім кино түсірмеймін ғой мысалы», – дейді Әли.

Жіберіп алмаңыз:

Айгүл Иманбаева ұлының әкесінен асқан режиссер болатынын айтып мақтанды

Сырға таққан Әлішер Кәрімов өзін сынағандарға жауап берді

Ерке Есмаханның даусымен ән айтқан Серік Ибрагимов желідегілерді күлдірді (видео)

Мәди: Әкемнің көзі тірі болса, Рымбаев деген тегіме қарсы болмас еді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр