Әли Оқапов “Голос. Дети” байқауында қалай жеңіске жеткенін айтып берді
Жақында ғана "Қазақстан балаларының дауысы" жобасының алғашқы маусымы өз мәресіне жетті. Шоуда бас жүлдеге тігілген 3 млн теңгенің иегері болып Даниил Юн жеңімпаз атанды. Ал жобада Даниил Юнға жетекшілік еткен жас әнші Әли Оқапов, жоба және өзінің шығармашылығы туралы ойымен бөлісіп өтті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әли, бұл балалармен алғаш жұмыс істеуім емес дейді. "Негізінде тәлімгер ретінде бірінші емес. Өйткені, көптеген ірі болмаса да, аудандық немесе қалалық деңгейде өткен түрлі-түрлі шараларға мен атсалысқанмын. Кейбір кездерде жүргізуші ретінде, кейбір кездерде ұйымдастырушы ретінде", - дейді әнші. Шәкірттерін аса көп еркелетуге де құштар емес екен. Оларға өз теңің, өз әріптесің ретінде қарау керек дейді Әли. "Тәлімгер ретінде мен де, финалда ең кішкентайы Даниил болды. Дегенмен, екеуіміз жас болсақ та, бірлесіп жұмыс жасап, жеңіске жеттік. Сондықтан маған психологиялық тұрғыдан қиын болмады. Олар тез меңгеріп алады. Олар бізге қарағанда әлдақайда дамыған. Бала кездерінен бері ғаламтор бар, ютуб бар. Осы желілердің арқасында көптеген әуендерді бізден артық біледі. Керісінше, кейбір кездерде біз олардан сабақ алып жатамыз", - деді Оқапов. Жобаға тәлімгер боламын деп біраз жоспарларын кешіктіріп те алған. Бірақ, мейлінше көп еңбек етіп, шығармашылығын шыңдай түсуге тырысып жатыр екен. "Алға жетелейтін ол – еңбек. Себебі кез келген тірі жан тіршілік етеді, еңбек етеді. Онан соң "нан табу керек" (күледі). Күрделі ойлар жоқ. Ал балалар үлкен сахнаға тезірек шығуға емес, өзіңді дамытуға көңіл бөлуің керек. Сахна ешқайда қашып кетпейді, ал оқуға уақыт әрқашан бола бермейді. Алдымен білім керек. Өз ісіңнің шебері, кәсіби маман, ешкімге ұқсамайтын тұлға болуың керек. Ал қалғаны өзі келеді. Өнер – ол мәдениет, мәдениет – ол ақыл-парасат. Соны ұмытпау керек", - деді әнші. Еске салсақ, Даниил Юн қазақстандық “Голос-дети” жобасының жеңімпазы атанған болатын. Оқи отырыңыз: Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді “Соқыр махаббатты” түріктер үш жыл бұрын “Тек сен” деп түсіріп тастаған (видео) Димаш әйгілі Джеки Чанды туған күнімен құттықтады Мақпал Жүнісованың орындауындағы “Соқыр махаббат” фильмінің саундтрегі жарыққа шықты (видео)Талқылау