Әли Оқапов алғаш рет анасына ән жазып берді (фото, видео)
Ақпан айында көрерменге жол тартатын “Келін де адам” фильмінің саундтрегін Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева орындайды. Бұл қазақ Примадоннасының кинодағы алғашқы тәжірибесі.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Осыдан бір күн бұрын Әли Оқапов танымал қазақ ақыны Әбдрахман Асылбековпен бірге жаңа ән жазғанын айтқан еді. Ол желідегі оқырмандарына сауал тастап, жаңа әнді кім орындауы мүмкін екенін сұрады.
Оқырмандар түрлі нұсқаларын ұсынды. Көпшілік Әлидің әнін Әлидің өзі немесе інісі Мәди орындайды деп болжады. Алайда Оқапов анасына арнап ән жазып берген болып шықты.
Жаңа туынды “Жарасты жанұя” деп аталады.
“Бұл менің анама жазып берген алғашқы әнім және анамның орындауындағы алғашқы саундтрек. Сенім артқан фильм продюсері Әсел Сәдуақасова мен режиссері Асқар Ұзабаевқа рахмет. Сіздерді ұятқа қалдырмаймыз”, – деген Әли жуық арада бейнебаянның да жарыққа шығатынын айтып қалды.
Айта кетейік, күні кеше желіде аталмыш фильмнің трейлері пайда болған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың ата-анасы балаларының қалай “қытайлық ғажайыпқа” айналғанын айтты
Дастан Оразбековпен сүйіскен актриса Салтанат Бақаеваның бейнебаянына түсті (видео)
Тыңдармандар “Ерке мен Төреғали бірге демалып жатыр” деп болжады (видео)