Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов: Анам әлі күнге дейін барлық үй шаруасымен өзі айналысады

Роза Рымбаеваның аты аталса тыңдармандарға ән әлемі, сахна, жұлдызды өмір елестейді. Алайда, Халық әртісінің көпшілік білмейтін сырлары мен дүйім жұртқа беймәлім қырларын әншінің ұлы айтып берді. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Әли Оқапов, анасы жайлы тың ақпараттармен бөліскен болатын.

«Біз үшін біріншіден ол кісі – ана! Аналық парызын, аналық шаруларын ешқашан есінен шығарған емес. Менің гастрөлдерім бар, мен шаршадым, мен әртіспін деп ешқашан да бізге айтқан емес. Тіпті әлі күнге дейін барлық үй шаруасын, үй жуу, кір жуу дегендей, тамақ әзірлеу оның барлығымен айналысып жүреді», – дейді Әли.

Халық әртісінің әр күні той-думан, сауық-кеш деп ойласаңыз қателесесіз. 40 жылдан астам өмірін сахнада өткізген Рымбаева қос ұлының жағдайын жасағаны бір бөлек, үй шаруасына келгенде алдына жан салмайтын болып шықты.

«Көпшілік ойлайтын шығар, үйлерінде жұмысшылары бар немесе сол тамақ әзірлейтін аспазы бар шығар, көмекшілері деп. Бірақ, олай емес. Ешкім де жоқ. Ол барлығын өзі істейді. Кей кездері киімді өзі тігеді. Костюмдеріміз жыртылып қалса, ең бірінші көмекші анам. Қайда асығып бара жатса да, қолы бос емес болса да, барлығын тастап, өзі тігіп береді. Ол жағынан да сөз жоқ», – дейді Халық әртісінің тұңғышы.

Бүгінде Әли жеке пәтерде тұрса, анасы мен інісі Мәди бөлек баспанада өмір сүріп жатыр. Алайда, Роза ханым, тұңғышының таңғы асын әзірлеп, әр күні бір дастархан басында шүйіркелескенді жанды қалайды.

«Мысалы мен бөлек тұрсам да күн сайын, әр таң сайын өзі қоңырау шалып, «Балам, үйге соғып кет, тамақ ішіп ал», – деп әрдайым шақырып, мен үшін уайымдап отырады. Мәселен, менің үйде мүлдем тағам болмайды. Өйткені, мен тамақ әзірлей алмаймын. Тіпті асханадан да бірде-бір тамақ таба алмайсыз. Шынымен де жоқ. Ал, анам мені тамаққа шақырғаны, ол тамақ үшін емес, әрине. Ол әңгімелесу, жаңалықтармен бөлісу, кездесу», – дейді Оқапов.

Айтпақшы, бүгінде бұл жұлдызды жанұяда келін тақырыбы жиі талқыланып жүрген көрінеді. Бірақ, Оқапов биыл шаңырақ көтсермесе де, келер жылы жеке өміріндегі жағымды жаңалығымен бөлісуі бек мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Роза Рымбаева: Біздің кейінгі әртістердің өмірі тек қана той-думан болып кетті

Жұлдыздар көпшілік біле бермейтін қорқыныштары туралы айтып берді

Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы-2017» байқауының финалына жолдама алды (фото)

Әнші Алтынай Жорабаева екінші рет күйеуге шықпайтын болды

Талқылау