Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әли Хаменеи үшін кек": Хезболла Израильге шабуыл жасады

Ливан Иранға соққы жасадыФото: mk.ru

Иран қолдайтын және кей елдерде террористік деп танылған Ливанның "Хезболла" тобы Хайфуға ракеталар мен дрондармен шабуыл жасады. Олар мұны "Әли Хаменеи үшін кек" деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ракеталардың бір бөлігі басылып, қалғандары ашық жерге құлаған. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Бұл – Израиль мен Ливан арасындағы 2024 жылғы қарашадағы бітімнен кейінгі "Хезболланың" алғашқы шабуылы. Ливан билігі қақтығысқа араласпай тұруға тырысқан еді.

Израиль оған ірі авиа соққымен жауап берді. Қару-жарақ штабы басшысы, генерал-лейтенант Эйял Замир, Ливаннан келген шабуылдан кейін жалпы штаб форумында жағдайды бағалады.

"Біз Хезболлаға қарсы шабуылдық операцияны бастадық. Қорғаныс қана емес, қазір шабуылға да көштік. Алдағы күндерде ұзақ уақытқа созылатын шайқастарға дайын болуымыз керек. Бұл үшін мықты қорғаныс дайындығы мен тұрақты шабуыл дайындығы қажет. Операцияларды үздіксіз жүргізіп, әр мүмкіндікті тиімді пайдалану керек", -деді ол.



Соққылар Бейруттың оңтүстік маңындағы аудандарға, әуежайға жақын жерлерге және елдің оңтүстігіне жасалды. 50-ден астам ауыл мен қаланың тұрғындары эвакуациялануға міндеттелді.

Сарапшылар жаңа майдан ашылғанын айтады. "Хезболла" аймақта Иранның басты одағы болып есептеледі. Сондықтан оның қатысуы қақтығыстың кеңейетінін көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.

Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Наурыз, 2026 12:27