Әли Әлиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде ресми түрде тағайындалды
Фото: kff.kz
Қазақстандық маман Әли Әлиев ресми түрде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бүгін ұлттық және жасөспірімдер құрамаларындағы кадрлық өзгерістер туралы ресми мәлімдеме жасады. Жарияланған тізімде Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері де көрсетілген.
Федерацияның жаңа даму кезеңіне көшу аясында келесі мамандар тағайындалды:
– Геннадий Скуртул – ҚФФ техникалық директоры
– Руслан Балтиев – ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры
– Әли Әлиев – Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері
– Денис Мамонов – Қазақстан жастар құрамасының (U-21) аға жаттықтырушысы
– Кирилл Кекер – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға жаттықтырушысы
– Бауыржан Сағындық – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға жаттықтырушысы
– Мадияр Кембілов – Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері
– Жанна Мальгаждарова – Қазақстан қыздар құрамасының (U-19) аға жаттықтырушысы
– Юлия Мамонова – Қазақстан қыздар құрамасының (U-17) аға жаттықтырушысы
Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасы 5 маусымда Беларусьпен, ал 9 маусымда Солтүстік Македониямен матч өткізеді.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
