Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлгі күнге дейін бізді кемсітеді": Шымкентте ВИЧ жұқтырған балалар қалай өмір сүріп жатыр

Елімізде жыл сайын кемінде 3-4 бала ВИЧ-ке шалдығады. Оған көбіне анасының дұрыс ем-дом қабылдамай, өз статусын жасыруы себеп. Бүгінде дәл осы дертке шалдыққан балалардың көбі Шымкентте тұрады.  

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өздеріңіз білетіндей, 2006 жылы дәрігерлердің салақтығынан, жауапсыздығынан 149 бала дәл осы вирусты жұқтырған еді. Сол балалар бүгінде 14 жастағы жеткіншек. Бірақ,  мамандардың  сөзінше, дәл осы жазылмас дертті арқалап жүргендермен жұмыс істейтін мамандар тапшы. Тіпті қарапайым психологтар жоқ. 

Бауыржанның жасы 14-те. Ол  2006 жылы Шымкентте ВИЧ жұқтырған 149 баланың бірі. Қазір мектепте оқиды. Жасөпірімнің сөзінше, мұндай вируспен өмір сүретіндерді айналасындағылар әлгі күнге дейін кемсітеді, түсінбейді екен. Өзі де психологтардың көмегінен кейін, бұл инфекция жайлы ойын ашық айта бастаған.

Бауыржан секілді жүзден аса жасөпірім Шымкентте дәл осы дертпен өмір сүруде. Мамандар мұндай балалармен жұмыс істеу қиын дейді. Ең бірінші, өңірде мықты мамандар жетіспейді. Екіншіден, ата-аналары балаларының статусын жасыруға тырысады. Салдарынан, жасөпірімдер уақытылы ем-дом алудан қағылады. Тіпті суицид жайлы ойлар жиі мазалайды екен.
«Кейбір балалар жаман хабар естіген соң енді қайтыс боламын, неше жаста өлемін дейді. Дұрыс ақапарат беру керек. Біздің мамандар дайын емес екен. Медицина жағынан жақсы, психолоргиялық жағынан қалай жанағы жасөпіріммен сөйлесу хабары жоқ! +0210 Мамандарды оқыту керек,мамандарды оқытқанбыз кезінде, бірақ кейбір мамандар кетіп қалды», - деді ЖИТС РО клиникалық мәселелер жөніндегі маман Гүлжаһан Ахметова.

Одан бөлек адамның иммун тапшылығы вирусына шалдыққан жасөпірімдердің көбі дәрілерін уақытылы ішпейді. Бәрінің ортақ мәселесі бір. Қатарластарынан ұялады.  

«Олар өздерін айтады, біз басқа балаларға қарағанада олардан артта сезінеміз! Неліктен? Өйткені  біз жиі ауырамыз! Кейде дәрілеріміз бар, қоғамдық орнында жүргенде дәрі ішетін уақытымызда біз оны іше алмаймыз. Ерекшелінеміз деп өздерін сезінеді. Біз сол үшін жұмыс жүргіземіз, не үшін олар ішу керек!», - дейді психолог Мадина Аманова.

Қазір Түркістан облысы, Қарағанды және Алматы облысы ВИЧ көрсеткіші бойынша көш басында тұр. Оның жартысынан көбі Шымкентке тиесілі, дейді сарапшылар.  Ал жылына 3-4 жаңа туған сәби дәл осы инфекцияны анасынан жұқтырады, дейді сарапшылар. Қазір 531 бала тіркеуде тұр.

Талқылау