Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алғашқысын дұрыс жасамапты": Дәрігер ота арқылы Баян Мақсатқызының мұрнын қалай түзегенін айтты

Баян Мақсатқызы жақында ринопластикаға жүгінді. Мұрнына екінші рет ота жасатып, өзі қалағандай қалыпқа келтірді. Продюсердің мұрнын түзеп берген дәрігер ота барысы жайлы айтып берді.

Өзбекстандық дәрігер Фахриддин Қазақстанға келіп ота жасайды. Баян Мақсатқызының ғана емес, бірнеше отандасымыздың мұрнын қалпына келтіріп немесе қалауынша әдемі мұрын жасап берген. Әрі арзан баға, әрі сапалы нәтиже болған соң дәрігерге жүгінетіндер саны көп. Баян Мақсатқызы өзіне ота жасаған дәрігермен аз-кем әңгімелесіп, оған алғысын білдірді. 

"Мен Кореяда ринопластика жасаттым. 10 млн теңгеге ота жасаттым. Бірақ мұрным көңілімнен шықпады. Сондықтан екінші рет қайта жасаттым. Бағасы он есе арзан, әрі сапалы болды. Маған қазіргі мұрным ұнайды. 4 жылда бірнеше рет ота жасауға тура келді. Бастапқыда отасыз мұрнымды түзетіп көрмек болдым. Инемен, басқа да әдістерді сұрастырдым. Алайда, қуанышқа орай ол әдістерді жасатпадым. Дәрігердің мұрынды түзеу үшін тек ринопластика жасау қажеттілігін түсіндірді", - дейді Баян Мақсатқызы. 

Фахриддин дәрігер Баян Мақсатқызының мұрнына ота жасауда қиындықтар болғанын мойындайды.



"Маған екінші рет қайталап ота жасаған қиын. Себебі алғашқы дәрігер кейде қате жасайды. Оны реттеу керек болады. Екінші ота екі есе ауырлық түсіреді. Үшінші рет жасалса, тіпті қиын. Мен күніне 3 үш отаға дейін жасаймын. Адам көп. Шаршаймын. Бірақ жұмысымды жақсы көрем. Ер адамдар да, әйелдер де көп келеді. Оның бірі әдемілік үшін жасатады. Енді бірі денсаулығына байланысты жасатады. Кейбірінің мұрны дұрыс тыныс алмайды. Кейбірі төбелестен соң сындырып алады. Түрлі жағдайлар болады", - деді дәрігер. 

Айтуынша, ота жасатар уақытта әйел адамның етеккірі келмеуі керек. Сонымен қатар, суық тиіп ауырмауы керек. Жүрегі ауыратын науқастарға қатаң сақтықпен қарау керек. Одан өзге отаның айтарлықтай қарсы жақтары жоқ. 

Дәрігер өзіне жүгінген науқастардың ең үлкені 69 жастағы әйел екенін айтты. Мұрынға ота жасау үшін жасқа байланысты айтарлықтай шектеулер жоқ. 

"Мен Қазақстанға келіп тұрамын. Қазақстандықтар Өзбекстанға келеді. Қазақстаннан келетін небір өзге ұлттар бар. Әдетте азиаттардың мұрнын түзеу қиын. Сондықтан еурапалықтарға қарағанда азиаттардың отасы қымбат. Себебі, жұмысы ауыр. Көпшілігі еуропалық стильдегі мұрынды қалайды. Барлық адамға өзі айтқандай мұрын жасамаймын. Алдымен өз мұрнына қараймын, соған сай қандай бетіне мұрын жарасатынын суретпен көрсетемін. Менің ұсынған нұсқам барлық науқастың көңілінен шығады. Мен дәрігерден бұрын суретшімін. Адамның бет формасына қарап отырып, қандай мұрын керек екенін айта аламын", - деді дәрігер. 

Фахриддин дәрігер Баян Мақсатқызының ағзасы өте мықты екенін айтып өтті. Себебі өзі ота жасаған науқастардың ішінде Баян ханым тез оңалған. Ісігі тез қайтып, аз уақыт ішінде жақсы нәтиже көрсетіпті. 

"Сіз дұрыс тамақтанасыз, спортпен айналысасыз. Оның бәрі теріге, ағзаға әсер етеді. Сіздің тез қалыпқа келгеніңіз соны білдіреді", - деді дәрігер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр