Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы табысын әжесіне бергенін айтқан Димаш тыңдармандарының жүрегін елжіретті

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген MUZ-TV арнасының бас директоры Арман Дәулетияровқа сұқбат берді. Танымал орындаушы балалық шағы, алғашқы табысы және өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

"Бақытты балалық шағым болды. Бала кезімнен таэквондо, жүзу, вокал, фортепианомен айналыстым. Таңертеңнен кешке дейін бос уақытым болмады. Мен қарапайым балалар сияқты өмір сүрдім. Музыкалық мектепке барып, спорт секцияларында жаттықтым", - деп әңгімесін бастады Димаш. 

Оның айтуынша, кішкентай кезінде (шамамен 2-3 жас) сурет салғанда, басқа балалар тек көліктің суретін салса, әнші студия, компьютер, дыбыс күшейткіштері, колонка, эквалайзер, микрофон мен сахнаның суретін салған.

"Мен сол кезде арманымды, жоспарымды ғарышқа жібердім. Қазір олар біртіндеп орындалып жатыр. Мен, неге екені, үнемі үлкен сахнада өнер көрсеткім келді. Үш жаста болсам да үлкен сахнаны армандайтын едім. Басқаша өмірді армандаған емеспін. Әрдайым әнші, әртіс болатынымды сезетінмін. Әлі де осы жолда келемін", - деді орындаушы.

Сұқбат барысында Димаш өнер жолында тапқан алғашқы табысы туралы айтты.

"Бес жасымда республикалық "Айналайын" конкурсына қатысып, лауреат атандым. Маған 1000 теңге және алғыс хат берді. Сол алғыс хатым мен мың теңгені әжеме тезірек табыстауға асыққаным есімде. Оның өзіне бірнәрсе алғанын қаладым. Үйге жақындаған кезде анамнан қайта-қайта "Ақша сізде ме? Қазір әжеме береміз" деп сұрай бергенім есімде", - деді ол.

Дегенмен әнші, қазіргі таңда қанша табыс табатынын айтқысы келмейді, бұл тақырыпта сөз қозғағанды ұнатпайды екен.

"Мен үшін ақшаның орны бос. Ақшаны өмір сүру үшін ғана табамыз, болды...",- деді Димаш.

Ерекше дауысымен қатар сымбатымен де аруларды естен тандыратын әнші жеке өміріне қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген сауалға жауап берді.

"Басым бос, жүрегім де бос. Қыздардың үміттенуіне болады", - деді ол күлімсіреп.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр