"Алғашқы минуттың өзі маңызды": "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлер арасында қауіпсіздік техникасына байланысты жарыс өткізді
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің қызметкерлері арасында қауіпсіздік техникаларын сақтау мен төтенше жағдай кезінде жасалатын міндеттер бойынша жарыс өткізді. Бұл сала мамандары үшін естен кетпес тәжірибе мен пайдалы білім болды.
Кедергілерді жеңіп, адам өмірін сақтау, жылдамдық пен сапа, командалық жұмыс – қатысушылар көрсетуі тиіс қағидалар. Қарағанды филиалының оқу-жаттығу алаңында жеңіске жетуге ұмтылған командалар жиналды. Қатысушылар Халықаралық еңбекті қорғау және қауіпсіздік күнін мерекелеу қарсаңында сайысқа түсті.
“Қатысушыларды келе жатқан Қауіпсіздік күнімен құттықтағым келеді. Бұл шарада спорттық, мерекелік жарыстар да, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы белсенділер мен үздік студенттерді марапаттау да болады. Бүгінгі көрсеткен дағдылар күнделікті жұмыста қажет. Бұл әр мүшеленің жұмыс істеу шарттарын түсінуіне арналған топтық жұмыс. Ережелерді білу кей жағдайларда оны дұрыс орындайтыныңызға сенімділік береді. Құрметті әріптестер, сіздерді келе жатқан мерекелеріңізбен өзімнің және компанияның атынан құттықтаймын!” – деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский.
Жарыс басталмас бұрын команда мүшелері медициналық тексерістен өтті. Өйткені қатысушылар теориялық білімдерінен бөлек, оны тәжірибеде қолдана білу қабілетін де көрсетуі шарт болды.
“Бұл шараны осымен үшінші жыл өткізіп жатырмыз. Ұйымдастыруды да жылдан жылға жетілдіру үстіндеміз. Биыл жерүсті кәсіпорындарының 14 шахта бригадасы қатысып жатыр. Бұл пайдалы дағдылардың іс жүзінде қалай қолданылатынын көретін боламыз. Оқыс жағдайларда алғашқы минуттың өзі өте маңызды. Сондықтан осы тұста үйлесімді әрі шебер әрекет ету керек. Себебі мұндай кезде өзіңнің де өзгенің де өмірі осы әрекетке байланысты болады”, – деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы департаментінің директоры Игорь Федосеев.
Сайыстың бірінші әрі қиын кезеңінде қызметкерлер түтін, тар жерден өтуі болды. Мұнда құтқарушымен дұрыс қозғалыстан бөлек, физикалық төзімділік пен сенімділік, қиын жағдайда адаспау қабілеті де ескерілді.
“Командалар өткен аптадан бастап келіп, ауа райының қолайсыздығына қарамастан белсенді түрде жаттыға бастады. Біз өз тарапымыздан шахтаға жақын жаттығу алаңын бердік. Мұның да бір пайдасы болары сөзсіз. Өндіріс орындарында қауіпті төтенше жағдайлар орын ала қалған жағдайда қызметкерлердің алғашқы әрекеті өте маңызды”, - деді "РТСШҚ" Қарағанды филиалы директорының жедел-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Жұмат Окенов.
Одан кейнгі кезеңде өртті екі әдіспен сөндіру шарты қойылды. Мұнда өрт сөндіру түтігі арқылы қатысушылар бақылау сызығынан суды белгіге дәл шашуы керек. Ал кейін шынымен өртті ұнтақты өрт сөндіргіштермен сөндіру талап етілді.
Жарыстың соңғы бөлімі шахта жұмысынан зардап шеккен адамды құтқару болды. Әр бригада алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шегушіні зембілге жатқызып, шартты сынықты бекітіп, базаға эвакуациялады. Кезеңді аяқтаған кезде әрбір аспектіні мұқият орындау қажет болды. Себебі өмірде қиын жағдай орын алса адамның әркеті ең маңыздысы.
Комиссияның бағалау нәтижелері бойынша жерасты кәсіпорындары арасында бірінші орынды Костенко шахтасы, екінші орынды - Саранская шахтасы, үшінші орынды - Абай кеніші иеленді.
“Біз қызу дайындалдық, жаттықтырушымыз да мықты болды. Барымызды салдық. Бұл мүмкіндік үшін көмір департаментіне алғыс айтамыз. Себебі бұл өте маңызды және қажет ақпарат болды. Костенко шахтасы жасасын!” – деді Костенко шахтасының кеншісі, команда капитаны Тимур Жәкішев.
Жер үсті кәсіпорындары арасында ең жақсы нәтижені УСШМД командасы, екінші орынды "Восточная" КЭП, үшінші орынды "Энергоуголь" компаниясы көрсетті.
“Бізде апта сайынғы қызу дайындық жасадық. Басшылықтың қолдауы бізге көп көмектесті. Сол үшін УСШМД басшылығына көмектері мен ұйымдастыру деңгейлері үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығына осындай мерекелер мен жарыстарды ұйымдастырғаны үшін алғыс. Бұл ортақ рухымызды көтерді! Біз үшін ең бастысы топтық жұмыс пен қауіпсіздік. Біз бірінші болып өнер көрсеттік. Әрине аздап қорқынышты болды. Бірақ басталғаннан соң үш минут он секундтай өте кетті”, – деді УСШМД командасының капитаны Кирилл Ким.
Командалар бағалы сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаздарға электр самокаттары табыс етілді. Екінші орын иегерлері жүлдеге гриль апаратын алса, үшінші орын алған командаға кәсіби көкке шығуға арналған жиынтықтар берілді.