"Рудан бастау керек": Алғашқы кездесуде қандай сұрақ қою керек - отандық жұлдыздар кеңес береді

Алғашқы кездесу адамды жан-жағынан танып білуге, өз адамыңды табуға, қарым-қатынастың әріқарай немен жалғасатынын анықтауға берілген тамаша мүмкіндік десек, артық айтқанымыз емес. Алайда көпшілігіміз қатты қобалжып, өміріміздегі маңызды сәттердің бірінде екі сөздің басын қоса алмай қиналатынымыз рас. Осы орайда Stan.kz ақпараттық агенттігінің оқырмандары мен қазақ эстрадасының әншілерінен алғашқы кездесуде қойылуы тиіс сұрақтарды анықтап көрдік.

Фото: Shutterstock

Instagram желісіндегі парақшамызда жарияланған жазбамызда оқырмандардан және желі қолданушыларынан алғашқы кездесуде қандай сұрақтар қоюға болатынын сұрап, өз нұсқаларын жазуды сұрадық. Басым бөлігі бір-бірінің жеті атасын міндетті түрде сұрау керектігін алға тартты. 

"Рудан бастау керек, болмаса, ойламаған жерден рулас болып қалуларың мүмкін",  "Сезімі шынайы ма? Соны білу керек", "Руын, отбасын. Сосын ата-анасын, жалғыз басты ана емес пе?", - деді олар. 

Сонымен қатар, қазақстандықтар жеке бастарынан өткен тәжірибелерімен бөлісіп, кездесуде өздеріне қойылған сұрақтарды бір-бірімен жарыса жазды.

"Менен жолдасым соғымға не сойдыңдар деп сұрады", "Есіміме қарап, маған үйде бала жоқ па деген", "Жолдасымның жасым үлкен, менен қорықпайсың ба деп сұраған", - деді желі қолданушылары. 

Алғашқы кездесуде қойылатын сұрақтарға қатысты шығармашылық тұлғалардың да ойы екіге бөлінді. Бірі ата-анасын, шыққан тегін сұрау керек деген пікірде болса, екіншісі рудан бөлек, жеке басының қызығушылықтарын, бос уақытында немен айналысатынын, нені сүйіп оқитынын білу маңызды екенін сөз етті. 

"Бірінші қадамды міндетті түрде жігіт жасау керек. Ал әрі қарай, руды сұраған дұрыс шығар. Енді жеті атасын білмей жатып қосылуға болмайды ғой", - деді KeshYou тобының солисі Наргиз Алтайбай. 

Әріптесі Балауса Ерғалина алғашқы кездесуде екі адам бір-бірін жан-жағынан жақсылап тануы керектігін айтты. Ал топтың тағы бір мүшесі Ләззат Сұлтанованың пікірінше, кездесуде адамның қызығушылықтарына, немен айналысатынына мән беру қажет.

“Өмірге қызығушылығы қандай екенін, қайда жұмыс істейтінін, жасын сұраған жөн. Ата-анасы және өзі қай жақтыкі екенін сұрауға болады", - дейді ол. 

Алуа Қонарованың айтуы бойынша, мұндай маңызды кездесуде ру туралы сұрақты мүлдем қоймаған жөн. Керісінше, екі адам бір-бірінен қай жерде оқитынын, қандай пәндерді оқығанды ұнататынына қызығушылық білдірген дұрыс.

“Қайда оқиды? Қандай пәндер ұнайды? Мысалы, мен үшін оның қандай пәндерді ұнататыны көрсеткіш болып саналады”, - дейді продюсер. 

Әнші Нұржан Керменбаев әйелімен бірге шаңырақ көтермей тұрып, алғаш рет кездескенде үш сұрақ қойғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, қазақстандықтарға да сол сұрақтарды қоюға кеңес берді. 

“Мен келіншегіме “Ата-анамен тұруға қалай қарайсың? Исламға деген көзқарасың? Намаз оқуға қалай қарайсың?" деген үш сұрақты қойдым. Жалпы, кездесуде осындай сұрақтар қойылғаны дұрыс деп ойлаймын”, - деді өнер иесі. 

Оның өнердегі әріптесі Динара Сұлтан алғашқы кездесуде ұнататын адамыңыздан ата-анасы, туыстары туралы сұрауға кеңес береді. 

“Менің ойымша, ата-анасы, туыстары туралы бірінші сұрау керек. Өйткені қазақтардың туыстары көп. "Шешесін көріп, қызын ал" дейді. Сондықтан анасы туралы сұрау керек”, - деп жауап берді өнер иесі.

Мади Рымбаевтың ойынша, сұрақтардан бөлек ең бастысы екі адамның арасында диалог құрылуы қажет. 

“Диалог болмаса, екеуі де ыңғайсызданады. Бірден диалог құрып кетсең, тіптен жақсы. Сабақ туралы, жанұясы туралы сұрауға болады. Ең бастысы, алғашқы кездесуде өте шынайы болу керек”, - дейді жас дарын.

Mad Men тобының  мүшелері алғашқы кездесуде адамның қызығушылығын немен айналысқанды ұнататынын анықтау керек деген пікірде. 

“Қандай әдебиетті оқисың? - деген сұрақты қойған жөн деп санаймын, өзім де осылай сұрайтын едім”, - дейді топ лидері Роман Пак.  

Топ солисі Рахат Масақбайдың пікірінше, адамның қызығушылықтарын анықтап алу қажет. Менің ойымша, "Саған не ұнайды?", "Бос уақытыңда немен айналысасың?” деген сұрақтарды қою қажет, - дейді әнші.


 

 Автор: Ай-Ару Шаймерден


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ коронавирусқа шалдыққан науқасты роботтың көмегімен емдеуде

Бұл жағдай ауру таралуының алдын алу үшін жасалып отырған көрінеді

Алғашқы 100 пайдаланушыға бонустар: АТФБанк кәсіпке арналған жаңа қосымшаны іске қосады

Жақын күндерде АТФБанк нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады

Bek Air билет ақшасын қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады

9 ақпанға дейін Bek Air рейстерінің тоқтатылғаны туралы хабарланды

Супруга с известной фамилией. Что известно о новом после в России Ермеке Кошербаеве и его семье?

Шашын 8 жыл жумаған қыз алған әсерін бөлісті

Бойжеткен: Шашым тез өсе бастады

Иті өз иесін қытайлық індеттен аман алып қалған

Әйел Уханьға барып қайтпақшы болған, бірақ иті оның төлқұжатын кеміріп тастапты

Ұшақтың зиянынан ұяламыз: Еуропалықтар ұшаққа отырудан бас тартуда

Еуропада қоршаған ортаны қорғау қозғалысы барған сайын танымал бола бастады

Қарағанды облысында жедел жәрдем қызметкері жүкті әйелді босандырып алды

Әйелдің ауруханаға барар жолда толғағы басталыпты

"Техникалық құралға ақшамыз жетпейді": Мемлекеттік тілді «аяқ асты еткен» алматылық супермаркетке қатысты сот ісі басталды

«Арзан» қожайындары латын графикасының бекітілуін күтіп отырмыз дегенді айтып ақталыпты

Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі тағайындалды

Бұл лауазымға Ермек Көшербаев ие болды
Çàãðóçêà...