Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашында куәгер ретінде шақырған: Жамбыл облысында зейнеткерге алаяқтықпен бюджет қаражатын ұрлады деген айып тағылды

Жамбыл облысында ЖШС-нің бұрынғы бухгалтері зейнетке шыққаннан кейін ұрлық жасады деген күдікке ілінді. 65 жастағы әйел бастапқыда куәгер ретінде шақырылған, бірақ кейін өзіне айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан

Қорғаушылардың айтуынша, іс әйел зейнетке шыққан соң екі жылдан кейін қозғалған. Қазір күдікті зейнеткер үй қамауында. Адвокаттар оның денсаулығы нашарлап, жүре алмай қалғанын жеткізді.

“Тергеу біржақты жүргізіліп жатыр. Қорғаныс тарапының барлық дәлелі қабылданып жатқан жоқ. Қылмыстық іс материалдарында біздің қорғаушымыздың кінәсін растайтын мәліметтер жоқ”, – деді адвокат Джордж Книжкин.

Күдіктінің туысы Игорь Масленконың айтуынша зейнеткер 2,5 ай тергеу изоляторына қамалған.

“Оның аяғында ірің барын елеместен тергеу изоляторына апарды. Дегенмен бірінші сотта бірден үй қамағына жіберілді”, – деді Игорь Масленко.



Қорғаныс жағы аймақтық прокурормен кездесуге тырысып жатыр. Алайда нәтиже жоқ. Адвокаттар зейнеткердің кінәсіздігін дәлелдейтін сараптамалар бар екенін алға тартты. Бірақ мұны ешкім ескермей жатыр. Бұрынғы бухгалтер алаяқтық арқылы бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталып отыр. 

“Тиісінше, оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің тиісті баптарымен сараланады. Қазір қылмыстық іс аяқталу сатысында”, – деді Жамбыл облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы Сәкен Байталиев.

Талқылау