AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғаш рет COVID-19-дың ағзада қалай таралатыны бейнеленген видео пайда болды

АҚШ пен Канада зерттеушілері алғаш рет дәл осы уақытта коронавирустық инфекция тышқанның денесіне қалай таралатынын бейнелейтін видео дайындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдардың мақаласы Immunity журналында, ал вирустың таралуы туралы видео Youtube-та жарияланды.

SARS-CoV-2-нің жасушалық деңгейде таралуын бақылау үшін Монреаль және Йель университеттерінің зерттеушілері биолюминесцентті белгілер мен микроскопияның озық әдістерін қолданған. Тышқандардағы коронавирустың таралу жолы инфекцияның адамдарда даму процесіне ұқсас: алдымен вирус мұрынға еніп, сол жерде көбейіп, өкпеге таралады. SARS-CoV-2 жұқтырған сәттен бастап үшінші күні ол басқа органдарға ене бастады. Содан кейін ол миға жетіп, тышқандар өледі.

Сонымен қатар ғалымдар кейбір тышқандарды емдеу үшін COVID-19-дан соң қалыпқа келгендердің плазмасын қолданған. Кейбіріне оны вирус жұқтырмай тұрып енгізсе, енді біріне жұқтырған соң салған. Бірінші жағдайда антиденелер вирустың таралуына жол бермеді, екінші жағдайда үшінші күні вирустың таралуы тоқтады. Алайда барлық антиденелер тиімді жұмыс істемеген. Иммундық жүйенің басқа жасушаларын "көмекке шақыру" және жұқтырған жасушаларды жою мүмкіндін беретін эффекторлық функциясы нашар істейтіндерде антиденелері тиімсіз жұмыс істеген. 

"Антиденелер ағзада қажетті уақытта, қажетті жерде және қажетті мөлшерде болуы керек”, – дейді жұмыстың авторларының бірі, Йель медицина мектебінің доценті Прити Кумар.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр