Алғаш рет COVID-19-ды қайта жұқтыру мүмкіндігі дәлелденді

Гонконг университетінің (HKU) зерттеушілері COVID-19 вирусын қайта жұқтырудың расталған фактісін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Университет мәлімдемесінде 33 жастағы IT қызметкері COVID-19-дан айығып, сәуір айында ауруханадан шығарылғаны жазылған. Алайда, тамыздың басында Испаниядан оралғаннан кейін, ол коронавирус сынағын қайтадан тапсырды, нәтижесі оң болды.

Бастапқыда дәрігерлер оны қайтадан вирус жұқтырды ма, әлде вирус осы уақыт ішінде адам ағзасында болды ма деген мәселеде бас қатырды. Бірақ HKU зерттеушілерінің айтуынша, генетикалық жүйелілік науқаста сәуір-тамыз айларында анықталған вирустың штаммдары "мүлдем басқа" екенін көрсетті.

Бұл - COVID-19-ды қайта жұқтырудың алғашқы ғылыми расталған жағдайы.

"Көптеген адамдар COVID-19-дан емделіп шыққан науқастар қайта жұқтыруға қарсы иммунитетке ие деп санайды,  өйткені олардың көпшілігінде жауап ретінде бейтараптандыратын антиденелер пайда болады. Алайда, кейбір науқастарда антиденелер бірнеше айдан кейін төмендейтіні туралы дәлелдер бар", - деді HKU зерттеушілері.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр