AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алған ойыншылар 1-2 жыл ойнамаған": Жанкүйерлер "Атырау" футбол командасын легионерлерден тазартуды талап етті

Атыраулық жанкүйерлер жергілікті футбол клубын таратып, қайта жасақтауды талап етуде. Себебі олар командадағы легионерлердің ойынына риза емес. Жылына қазынадан 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінетін бұл клуб құрдымға кетіп барады дейді олар. Ал ай сайын миллиондар төленетін шетелдік ойыншылар жоғары деңгейде өнер көрсете алмады деп ашулы. Сондықтан легионерлерді үйіне қайтарып, ұтылса да жасыл алаңға өз ойыншыларымыз шықсын дейді жанкүйерлер, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

жанкүйер

Жеңілістен көз ашпаған Атырау командасының өнеріне жергілікті жанкүйерлер наразы. Өткен аптада ғана өз алаңында Ордабасыдан оңбай ұтылған еді. Осы ойыннан кейін жанкүйерлер шу шығарды. Олар әсіресе жалақысы жоғары шетелдік легионерлердің өнеріне көңіліміз толмайды дейді. Сондықтан команданы келімсектерден тазартып, жастарға мүмкіндік беруді талап етті. 

Жанкүйерлердің бұл наразылығы әлі басыла қоймаған. Олар команданы таратып, жергілікті ойыншылардан жасақтауды талап етеді. Өйткені ұтылса да өз футболшыларымыз тәжірибе жинайды деген пікірде. Жылына қазынадан 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінетін спорттың соңғы жылдары тым құлдырап кеткенін айтады.

“Футбол енді дамымайды. Өйткені өсіп келе жатқан балаларды өлтіріп жатыр бұлар. Алған ойыншылар Ресейден қалғандар. Бір-екі жыл ойнамаған. Сол ойыншылар дұрыс нәтиже көрсетпейді”, – деді жанкүйер Жалғас Күзембаев.

“Атырау футболының құлдырауы сенімгерлік басқаруға берілгеннен басталды. Жыл сайын құрдымға кетіп барады. Мемлекеттен қаржыны алады, бірақ ешкімнің алдында есеп бермейді. Ойыншыларды жан-жақтан жинап алған. Атыраулық ойыншыларды кезекке қойған. Бірақ мүлде ойнатпайды. Бұл бассыздық”, – деп қосты Боран Мұхамбетжанов есімді жанкүйер. 

Ал "Атырау" футбол клубына 5 ай бұрын ғана келдік деген менеджер бірден жақсы нәтиже көрсету мүмкін еместігін айтады. Сондықтан “Жанкүйерлер бізден Реал Мадридтің ойынын күтпесін” деп кекетті.

“Бес ай ішінде бәрін жасау мүмкін емес. Бұл – кәсіби спорт. Біз бес ай бұрын ғана келдік. Сиқыршы еміспіз ғой. Сонда Реал Мадридті әкелейік пе? Болмайды”, – деп мәлімдеді "Атырау" футбол клубының бас менеджері Әлішер Абсалямов. 

Десе де наразы жанкүйерлер бағы ашылмаған Атырау футболын жеке адамдардан алып, мемлекеттік басқаруға қайтарса дейді. Тіпті осы талап-тілектерін айтып, облыс әкімі Серік Шапкеновке үндеу жариялады. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр