Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алға, Қазақстан” деген дауыс естілді": Алматыда митингке байланысты жағдай қалай

Алматыда 25 қазан Республика күніне орай митинг өтеді деген ақпарат тараған еді. Stan.kz тілшісі Орталық саябаққа барып, оқиға орнындағы жағдаймен бөлісті.

Сурет Stan.kz

Тілшіміздің мәліметінше, алаңнан бірнеше полиция көлігін байқауға болады. Жиналған адамдар жоқ, дегенмен аумақта интернет өшірілген.

Мұнда паркте жүрген 3 адамды полиция ұстап әкеткен. Сондай-ақ тағы 2 адам ұсталды. Оқиға орнында жүрген тілшіміздің хабарлауынша, дәл қазір автозаг (полиция көлігі) жақтан тағы бір адамның “Алға, Қазақстан” деп айқайлаған дауысы естілген. Ұсталғандар саны жалпы 6 адамға жетті.

Деректерге сай, мұнда митинг 12:00-де өтеді деп келісілген екен. Алайда әзірге жиналғандардың қарасы көрінбейді. Орын полиция бақылауында.

Сурет Stan.kz

Орталық саябаққа келген 88 жастағы соғыс ардагері Көпесбаева Бибіғайша жұртшылыққа басу айту үшін алаңдарды аралап жүргенін айтты.

“Алаңда ереуіл болатынын естіп, ішіп отырған шәйімді тастап осында келдім. Мен отаным, халқым, елім үшін 88-ге келсем де тайынбаймын. Басшылар халықпен ақылдасып, келісіп бәрін шешсе екен деп айтып кетейін деп келдім. Айқай-шудың керегі не? Көрдік қой, жастарымыздан айырылып қалдық. Өздері келісіп ақылдассын деп айтуға келдім”-, деді зейнеткер.

Сурет Stan.kz

Еске салайық, әлеуметтік желіде 25 қазанда еліміздің әр өңірінде митинг өтетіні туралы ақпарат тараған. Дегенмен ішкі істер министрлігі митинг өтпейтінін және қоғамдық тәртіпті бақылау үшін 20 мың полицей жұмылдырылғанын мәлімдеген еді.

Толығырақ ақпаратты телеграм арнамыздан оқи аласыздар.

Талқылау