AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде "Қадыровшайтан" флешмобы белсенді тарап жатыр

Instagram-да дағыстандық 15 жастағы жасөспірімді қолдау үшін пайда болған #КадыровШайтан флешмобы қарқын алуда. Бұған дейін жасөспірім Шешенстан басшысын мазақ еткен еді, кейінірек оның туыстары көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қадыров

"Флешмобқа қатысуға қымсынбаңыз, өйткені бұл оңай және қарапайым. Хэштегті барлық платформаларда таратыңыз. Бұл Қадыровқа деген наразылығыңызды және көзқарасыңызды білдірудің керемет тәсілі", - делінген 1ADAT телеграм-арнасы жариялаған флешмобқа үндеуде.

Флешмобқа қатысушылар хештегті қағазға жазып, фотосуретті әлеуметтік желіге орналастырады. Хэштег 600-ден астам рет қолданылған.

Бұл арада Рамзан Қадыровты "шайтан" деп атаған қолданушылардың бірі одан көпшілік алдында кешірім сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасын өшіріп тастаған.

Жас тиктокер бастапқыда Қадыровты "азаматтарға қатысты мұндай мінез-құлық үшін" жұмыстан шығару керек деп айтқан, бірақ кейінірек ол жазылушыларды тарту үшін видео түсіргенін айтты.

"Жазылушыларды тарту үшін Шешен республикасының басшысы Рамзан Қадыровты қорладым. Мен іс-әрекетіме бірден өкіндім, бірақ видео, өкінішке қарай, таралып кетті. Мен Рамзан Қадыровтан шын жүректен кешірім сұрағым келеді. Ол нағыз еркек және өз халқының көшбасшысы. Өзімнің әрекетіме қатты өкінемін.Мен нағыз шайтанмын және ақымақпын. Мені кешіріңіз, өтінемін, Рамзан Ахматович", - дейді жас жігіт.

Еске салайық, 17 мамырда Рамзан Қадыров Instagram-да тікелей эфир барысында оны "шайтан"деп атаған қолданушылардың бірінің пікірін оқыды. Шешенстан басшысы жазған адамды табуға және оның "көзін жоюға" уәде берді

Пкіріді жазған Мәскеу облысында тұратын 15 жастағы Дағыстан оқушысы болып шықты. Жасөспірімнің туыстары оның әрекеті үшін Қадыровтан көпшілік алдында кешірім сұрады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр