Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік желілерде бейәдеп сөз жазатындар мен анонимді Telegram-арналардың иелерін жазалау ұсынылды

контентФото: pixabay.com

Қазақстанда интернеттегі контентті бақылауды күшейту жоспарланып отыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі анонимді Telegram-арналардың иелеріне және әлеуметтік желілерде бейәдеп сөздер жариялайтын пайдаланушыларға жауапкершілік енгізуді ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің айтуынша, мұндай арналар жиі жалған ақпарат, арандатушылық және қорлаудың көзіне айналып барады, сондықтан мемлекет бұл саланы реттеуді күшейтуді көздеп отыр.

Танымал арналардың әкімшілерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық тетіктер әзірлеу ұсынылды. Егер арна жазылушыларының саны белгіленген межеден асса, оның иелері өз деректерін ашуға міндеттелуі мүмкін. Бұдан бас тартқан жағдайда әкімшілік айыппұл салынады. Осылайша, билік жалған ақпарат пен арандатушылық материал тарататын анонимді дереккөздердің санын азайтуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, интернетте бейәдеп сөздерді қолданғаны үшін жауапкершілік енгізуді ұсынылған. Онлайн-кеңістіктегі балағаттау мен қорлау әрекеттері үшін қоғамдық орындардағы дәл осындай құқықбұзушылықтарға салынатын айыппұлмен жазалануы мүмкін.



Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларға заңға қайшы контентті жедел түрде өшіру міндеті жүктеледі. Талаптар орындалмаған жағдайда оларға қолжетімділікті шектеу немесе айыппұл сияқты санкциялар қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар, цифрлық кеңістікті реттеудің қосымша шаралары талқыланып жатыр. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды қорғау, онлайн-ойындар мен стриминг сервистерінің қызметін бақылау, сондай-ақ оқу бағдарламаларын әзірлеушілердің біліктілігін растау талабы енгізілуі мүмкін. Бұл ұсыныстардың барлығы әзірге қаралу үстінде және заңнамаға енгізілмес бұрын сарапшылармен және мемлекеттік органдармен жан-жақты талқыланады.

Айнұр Мұхади
Жұма, 14 Қараша, 2025 15:19
Талқылау