Әлеуметтік желіде Қарағандыда сарбаздарды қарсы алуға жиналған дүйім жұрт түсірілген видео таралуда

Қарағанды тұрғындары отан алдындағы борышын өтеп, үйлеріне оралған сарбаздарды күтіп алуы карантин режимінің бұзылуына әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды

Тіпті, әскерлерді күтіп алуға жиналған жұртты полиция баса алмапты.  Жалпы алғанда 500 сарбазды күтіп алуға мыңнан астам тұрғын келіпті. 

Бейнежазба 20 мамыр күні кешкісін түсірілгені анықталыпты. Өз кезегінде бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларын наразылығын турдырды. 

"Жиналғандар мен жауынгерлердің арасында талаптардың сақталмауы орын алған жоқ", - деп ақталды жергілікті полицейлер.

Бұған қоса олар теміржол станциясы жабық болса да, тұрғындар темір перонды бұзып кіргенін қосты. 

Алайда видеода ығы-жығы жиналған жұрттың арақашықтық тұрмақ, маска киюді де ұмытқаны байқалады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Публикация от БЛОГ Дениса Денски (@denski_blog)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр