Әлемнің жаңа жеті кереметі: тізімі, сипаттамасы, суреті
Бернард Вебердің бастамасымен, New Open World корпорациясының коммерциялық емес ұйымының көмегімен әлемнің ежелгі жеті кереметін жаңғырту үшін жаңа жоба іске қосылды. Сауалнаманың көмегімен 100 миллионнан астам адам ғаламтор пен телефон арқылы дауыс беріп, соның нәтижесі бойынша әлемнің жеті ғажайыптарының соңғы тізімі бекітілді, деп жазады Stan.kz.
Петра қалашығы
Иордания астанасының оңтүстігінен 200 км қашықтықта, Вади Мұсаның аңғарындағы құмды тауларда («Мұса аңғары») ежелгі Петраның қираған үйіндісі жасырынған. Петра ғибадатханасы мен сарайын Рождества Христоваға дейін 2000 жыл бұрын набатиандықтардың ежелгі көшпелі араб тайпасы тастардан қашап салынған деп пайымдалады.
Қала 500 жылға жуық уақыт бойы тұрғызылып, үлкен сауда орталығына айналды. Петра Қызыл және Жерорта теңіздері арасындағы маңызды сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Мұнда 800-ден астам көрікті жерлер бар. Петрадағы ғибадатханалар мен сағаналар, рим колонналары мен 3000 адамға арналған амфитеатр, сарайлар, моншалар мен арналардың барлығы тастан қашалып жасалған.
Чичен-Ица
Майя мәдениетінің ежелгі қаласы – Чичен-Ица Мексика мемлекетінің Юкатан түбегінде орналасқан әлемнің жаңа жеті кереметінің бірі. Ежелгі Чичен-Ица қаласының атауы «Ица тайпасының құдығы» деген мағынада аударылады. Қала біздің заманымыздан бұрын VII ғасырда пайда болды және өз уақытында Майяның діни орталығы ретінде саналған. Ал Х ғасырда қаланы орталық Мексикадан Юкатанға келген толтектер жаулап алды және қала ХІ ғасырға қарай толтек патшалығының астанасы болып сайланды. 1178 жылы Үндістанның билеушісі Хунак Кеель қасиетті Майя жерін талқандап, қираған үйіндіге айналдырды. Осылайша, қала тұтастай құлдырап, халықсыз қалды.
Жарылқаушы Христос
Тағы бір әлемнің заманауи кереметтерінің бір Жарылқаушы Христос. 710 метрлік Корковадо тауына қойылған Жарылқаушы Христостың алып мүсіні 80 жыл бойы Рио-де-Жанейроның және бүкіл Бразилияның символы болып саналады. Христостың қолы жайылып тұрған мүсіні 10 миллионнан астам қаланың үстінде құдды оларға батасын беріп, құшақтап тұрғандай көрінеді.
Мүсіннің биіктігі 38 метрге жетеді және салмағы 1,145 тоннаны құрайды. Ескерткіштің қасында құмды жағажайлар, Маракана стадионы, Гуанабара шығанағы мен өзінің ерекшелімен бір кесек қантқа ұқсайтын шың орналасқан.
Колизей
Колизей – Рим дәуірінің ең монументалды ескерткіштерінің бірі. Мысалы, Франция үшін Эйфель мұнарасы немесе Ресей үшін Кремль мемлекеттің символы болса, Колизей де сол сияқты дәрежеде Италияның символы.
Амфитеатр 8 жылда бой көтерген. Оның құрылысын 72-ші жылы Веспасиан император бастап, 80-ші жылы оның ұлы Тит аяқтады. Колизейдің қабырғалары жалпы салмағы шамамен 300 тонна болат қапсырмамен, тас кесек, кірпіш және түрлі бетон қоспаларынан салынған.
Ал Колизейдің ашылуы 100 күндік ойын-сауық іс-шараларымен белгіленеді. Осы уақыт аралығында гладиатор турнирлерінде бірнеше мың жауынгер және Африкадан әкелінген 5 мың жырқыш аңдар қаза тапты.
Ұлы Қытай қорғаны
Ұлы Қытай қорғанының қабырғасы солтүстік Қытайдан, шығысы Ляудұңның Сары теңізінен Гоби шөлінің құмдарынан шығатын қорғаныс тізбегін құрайды. Қытай қорғанының ұзындығы тігінен есептесе, басы мен аяғына дейін 2450 шақырымды құрайды. Ал егер барлық бұрыштар мен бүйірлерін есепке алсақ, әр түрлі бағалаулар бойынша 6000-нан 8850 шағырымға дейін жетеді.
Қытай қорғанының құрылысы б.з.д. 210 жылдары басталып, шағын үзіліспен Мин әулеті соңына дейін билегенше аяқталды. Яғни 1640 жылға дейін жалғасты. Қабырғаның орташа биіктігі 7,8 метрге жетеді, оның ені бес жаяу әскер жүріп өтетін немесе бес салт атты шабандоз жүретіндей кең.
Перудегі Мачу-Пикчу қалашығы
Мачу-Пикчу қаласының үйіндісі – Перу аймағында орналасқан және Колумбиядан бұрынғы көне Инк империясының қала қалдығы.
Қала 1438 жылы Инк империясының тоғызыншы билеушісі – Пачакутек Юпанидің қасиетті орны ретінде салынған. 400 жылдан астам уақыттан бері қала туралы тек аңыздар болды, ал 100 жыл бұрын 1911 жылы ғана америкалық археолог Хайрам Бингемнің арқасында Инк қорғаны туралы деректер белгілі бола бастады.
Гүлденген қала тұрғындары 3000 метр биіктікте жүгері, картоп және басқа да көкөністерді өсірді. 1532 жылға қарай Мачу-Пикчу тұрғындары белгісіз себептермен қаланы тастап, әдемі сәулет туындыларын кейінгі ұрпақтарына қалдырып кетті.
Тәж -Махал
Ақ мәрмәрдан жасалған өнер туындыларының тарихында Тәж-Махал туралы көптеген фактілер мен аңыздар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Бірақ көптеген тарихшылар бұл ғибадатхана 1630-шы жылдары салынған дейді. Оны ұлы моңғол императоры Жакан шах мезгілсіз қайтыс болған жұбайы Мұмтаз Махалдың әруағына арнап салдырған. Оның құрылысы 22 жылға жалғасты.
Бұл ғибадатхананың құрылысына 20000-нан астам адам қатысқан, олардың ішінде империяның барлық аймақтарынан келген құрылысшылар, Венеция, Парсы, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерінен келген шеберлер бар. Бүгінгі таңда «үнді сәулетінің інжу-маржаны» саналатын махаббаттың символы болған ақ мәрмәр ескерткіш Үндістанның ең маңызды көрікті орындарының бірі. Төрт құбыласында төрт минареті бар, биіктігі 74 метр болатын бес күмбезді ақ мәрмәрдан салынған әйгілі кесене аңыздағыдай жасанды су қоймасының қозғалыссыз қабаттарын көрсетіп тұрады.