Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең "мықты" және ең "әлсіз" төлқұжаты анықталды: Қазақстан нешінші орында

2024 жылдың ең мықты төлқұжаты анықталды, бұл рейтингті Канада немесе АҚШ көш бастап тұрған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Сингапур төлқұжаты әлемдегі ең күшті құжат болып танылды. Индекске сәйкес, бұл төлқұжат иелері 159 елге, соның ішінде Шенген аймағына, Аустралияға, Ұлыбританияға және АҚШ-қа визасыз кіруге құқылы. Мысыр, Сауд Арабиясы және Кувейт сияқты басқа 27 ел оларға келген кезде виза береді.

Екінші орында – италиялық төлқұжат. Италия тұрғындары 102 елге визасыз бара алады. Сонымен қатар олар электронды визамен тағы 10 елге бара алады.

Мықты төлқұжаттар:

  • Сингапур;
  • Италия;
  • Испания;
  • Франция;
  • Венгрия;
  • Австрия;
  • Ирландия;
  • Нидерланды;
  • Бельгия;
  • Швейцария.

Германия 19-орынға ие болды. Немістер 91 елге визасыз бара алады, бірақ Ұлыбританияның төлқұжаты одан да төмен. Бұл елдің құжаты 29-орынға тұрақтады.

Ең нашар төлқұжатқа келсек, ол Сомали азаматтарына тиесілі құжат деп танылды. Олар 169 елге визамен бара алады.

Қазақстан бұл рейтингте 108-орында.

Талқылау