Әлемнің ең қарт тұрғыны өзінің 117 жасын атап өтті
Әлемнің ең кәрі тұрғыны Канэ Танака өзінің 117 жасқа толуын қарттар үйінде атап өтті. Оның туған күніне арнап мекеме шарлармен безендіріліп, мерекелік тор әзірленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Канэ Танака туған күніне қарттар үйін басқа тұрғындары мен мекеменің қызметкерлері шақырылған. Әжейдің көңілінен, әсіресе, құлпынай мен кремнен әзірленген торт шыққан секілді.
"Өте дәмді. Тағы жегім келеді", - деді туған күн иесі.
Канэ Танака 2019 жылдың 9 наурыз күні ерлер мен әйелдердің арасындағы Жердің ең қарт тұрғыны атанып, Гиннестердің рекордтар кітабына енген. Ол кезде оның жасы 166 жыл мен 66 күнді құраған.
Жапониялыө кейуана 1903 жылы 2 қаңтарда Фукуокада дүниеге келіпті. Өзін қосқанда тоғыз ағайынды әжей 19 жасында тұрмысқа шыққан. Күйеуі екеуі бес баланы тәрбиелеп өсірген, олардың біреуін бағып алыпты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”